Қытайдан сапасы күмәнді өнімдер көптеп әкелініп жатыр – Ерлан Саиров

1401

Елімізде Ресей, Беларусь, Өзбекстаннан әкелінген құс өнімінің импорты артуда.

Қытайдан сапасы күмәнді өнімдер көптеп әкелініп жатыр – Ерлан Саиров Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров депутаттық сауалында елдің азық-түлік қауіпсіздігіне және аграрлық саланың дамуына қатысты мәселені көтерді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, келесі жылдан бастап Ресей сүт өнімдерін экспорттаушылар үшін көлік шығындарын 100% субсидиялайды. Ал Қазақстанда субсидиялар шектеулі, екінші дәрежедегі банктерде несиелеу мөлшерлемесі өте жоғары болғандықтан, отандық өндіріс қысқарып жатыр.

"Екі ірі сүт өңдеу кәсіпорны – "Агропродукт" (Алматы) және "Маслодел" (СҚО) жабылды. 12 құс фабрикасының жұмысы тоқтатылып, Ресей, Беларусь, Өзбекстаннан құс өнімі импорты артып, Қытайдан сапасы күмәнді өнімдер көптеп әкелініп жатыр. Ақпан-шілде айларында Ресей мен Беларусь шұжық өнімдерінің бағасы Қазақстан нарығында екі есеге төмендеп кетті. Отандық ет кәсіпорындары қоймаларға жұмыс істеуде",– деді Ерлан Саиров.

Депутат күнбағыс тұқымына экспорттық кеден салығын енгізу нарықтық бағаның 30%-ға төмендеуіне әкелгенін жеткізді. 

"Қабылданған шаралар Қазақстанның емес, шет ел өндірушілерінің "пайдасына" жұмыс істеп кетті,  май өңдеу зауыттары күнбағыс шетелден тасуда. Мал шаруашылығында да жағдай  өте ауыр. Тірі малды әкетуге тыйым салу, ірі қараны экспортты квота жасау шаралары да теріс нәтижелер берді. Ауылда жеке үй шаруашылықтары өздерінің малын өткізуге зар болып қалды. Салдарынан малға қарап отырған ата-аналар балаларын мектепке дайындауға ақшалары жоқ. Халық нанды қарызға алатын жағдайға жеткен",– деді халық қалаулысы.

Ерлан Саировтың айтуынша, Қазақстанның астық нарығындағы жағдай да  тұрақсыз. Ол елдің аграрлық саласы жүйелі дағдарыс алдында тұрғанын тілге тиек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу