banner

Ләппай Латвия, абай бол Андорра

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
4186

Қазақстан құрамасы құрамын жариялады. 

Ләппай Латвия, абай бол Андорра

Қазақстан ұлттық құрамасы қазан айында өтетін УЕФА "Ұлттар лигасының" матчтарына шақыртылған футболшыларының тізімін жариялады.

Футболдан Қазақстан құрамасы осы айда УЕФА "Ұлттар лигасы" аясында екі ойын өткізеді. 13 қазан күні Ригада Латвия футболшыларымен кездессе, 16 қазан күні "Астана Арена" стадионында Андорра құрамасын қабылдайды. Соңғысы елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Осыған орай Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов алдағы екі матчқа 24 футболшы шақыртыпты. Олар: қақпашылар – Ненад Эрич ("Астана"), Владимир Плотников ("Қайрат"), Дмитро Непогодов ("Тобыл"); қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Сергей Малый, Евгений Постников (бәрі де – "Астана"), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский (бәрі де – "Қайрат"); жартылай қорғаушылар – Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (бәрі де – "Қайрат"), Серікжан Мұжықов, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де – "Астана"), Еркебұлан Тұңғышбаев ("Ордабасы"), Думан Нәрзілдаев ("Қайсар"), Максим Федин ("Тобыл");

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет ("Уфа", Ресей), Бауыржан Тұрысбек ("Тобыл"), Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де – "Астана").   

Резерв:қорғаушы – Александр Соколенко ("Қайрат").

Естеріңізге сала кетейік, UEFA "Ұлттар лигасында" алғашқы екі турында Болгария маманы Станимир Стоилов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бір-ақ ұпай еншілеген. Өз алаңымызда Грузия құрамасынан ұтылып қалып (0:2), түзде Андорра футболшыларымен тең түскен (1:1).

D лигасы. 1-топ.

Қазақстан – Грузия – 0:2

Латвия – Андорра – 0:0

Грузия – Латвия – 1:0

Андорра – Қазақстан – 1:1

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу