Луценко екінші күн қатарынан алтын алды

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
4323

ХVІІІ жазғы Азия ойындарының алтыншы күні қоржынымызға үшінші алтын түсті.

Луценко екінші күн қатарынан алтын алды Фото: olympic.kz

Кеше 150 шақырымдық топ бәйгеде топ жарып, алтынмен апталған Алексей Луценко бүгін жекелей сында бақ сынады. Мұнда спортшылар сөреден бір минут сайын жеке-жеке шығады. Сөйтіп уақыттары есепке алынады. Тас жолда бір-біріне кедергі жасамайды. Яғни басқа тактика қолдану керек.

Луценко жарыс жолына ең соңынан шықты. ХVІІІ жазғы Азия ойындарында ерлер арасындағы жекелей сын 40 шақырымдық қашықтық еді. Алексей бұл қашықтықты бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде жүйткіп өтті. Уақыты – 55:37,13. Бәсекелестері оған ілесе алмай, қалып қойды.

Кеше 150 шақырымдық топ бәйгеде бірінші орынға ие болған талантты велошабандозымыз бүгін жекелей жарыста да үздік шықты. Екі күнде – екі алтын! Тамаша. Бұл жетістіктері Алексейді жігерлендіріп, Еуропадағы велобәйгелерде де көсіле сілтейді деп үміттенеміз.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Қазақстан қоржынында 3 алтын, 7 күміс, 19 қола жүлде бар. Жалпы командалық есепте бір саты жоғарылап, 11-орынға орналастық...

Велоспорт. Жекелей сын

1. А.Луценко – 55:37,13

2. М.Халмуратов (Өзбекстан) + 1:33,39 (қалып қойған уақыты)

3. Ф.Беппу (Жапония) + 1:42,07

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу