Магомед Адиев: "Жанкүйерлер қалағандай ойын көрсетуіміз қажет"

962

Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы ойын 26 наурыз, жексенбі күні "Астана Арена" стадионында өтеді. Матч  елорда уақыты бойынша 19:00-де басталады.

Магомед Адиев: "Жанкүйерлер қалағандай ойын көрсетуіміз қажет"

Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев Даниямен болатын ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

- Алғашқы ойындағы ұпай жоғалтудан кейін ойыншылардың психологиялық жағдайы қалай? Оның үстіне ертең жеңіске жету керек дегендей…

- Нәтежие ертеңгі ойында ғана емес, барлық жағдайда болуы тиіс және ол өткен ойында бізде болмады. Он ұпайдан жоғары немесе одан да төмен ұпай жинаймыз деген жоспарымыз жоқ. Мен бұл туралы үнемі айтамын. Біздің міндетіміз - келесі ойында, кіммен және қайда ойнасақ та, бәсекеге қабілетті болу. Мен үшін ең бастысы, менің жігіттерімнің дайындығы мен зейіні, әр ойында жеңіске жетуге тырысуы.

- Жарақат алған Быстров, Қуат және Айымбетовтың жағдайлары қалай?

- Бірінші ойыннан кейін бізде біршама жарақаттар бар. Быстровтың ойнауы екі талай, дәрігерлер Маратпен әлі де болса жұмыс істеп жатыр. Малый, Айымбетов және Габышевта кішігірім жарақат бар. Ал Қуат болса өкінішке орай Данияға қарсы ойнай алмайды. Дегенмен, Қуат секілді сақа ойыншылар алаңға шықпағанымен, киім ауыстыру бөлмесінде де маңызды рөл атқарады.

- "Астананың" бапкері Григорий Бабаянмен Қазақстан құрамасының ойыншыларының клубта матчтарда алаңда ұзақ ойнай алмайтыны туралы әңгіме болды ма?

– Иә, мен онымен оқу-жаттығу жиынында да, телефон арқылы да сөйлестім. Мен әріптестерімнің ешқайсысына қандай да бір ұсыныспен бармаймын. Ол өз орнында, білікті бапкер, ол өз командасы үшін ненің жақсы екенін және клубының алға қойған мақсаттары үшін не жақсы екенін біледі. Біздің пікіріміз әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ біз бұрынғы қалпымызда қаламыз, бір-біріміздің жұмысымызды құрметтейміз.

- Қарсылас туралы ойыңыз қандай? Даниядан қандай кемшіліктерді байқадыңыз?

- Дания өте мықты қарсылас. Мен олардың 2022 жылғы әлем чемпионатындағы матчтарын тамашаладым. Команда топтан шықпаса да, маған жаттықтырушылар құрамы команданы плей-оффқа дайындағандай көрінді. бірақ бір ойын жеткіліксіз болды. Словениямен ойынымыздан кейін Дания - Финляндия матчын тамашаладым. Кез келген команданың әлсіз жақтары ғана емес, қолдануға болатын нюанстары да болады. Жаттықтырушылар құрамымен біз мұны атап өттік. Команда жойқын күшпен шабуыл жасайды, көптеген ойыншылар шабуылда. Бірақ топ-клубтарда қанша ойыншы ойнайтынын ескерсек, бұл түсінікті. Мен бұл процестерге тереңірек үңілгім келмейді, бірақ біз ертеңгі ойында қарсыластың осал тұсын табуға тырысамыз.

- "Астана Аренада" кез келген команда ұзақ уақыт бойы жасанды төсеніште ойнауға бейімделуі керек. Бұл бұрын Словенияда да, Германияда да болған. Ойдағыдай нәтиже көрсету үшін матчтың басында бірден екі шабуылшымен ойнау мүмкін емес пе?

- Сіз Ұлттық құрама сапындағы клубта ойнап, үнемі гол соғып жүрген екінші шабуылшыны атаңызшы?

- Зайнутдинов ойнай алады...

- Ол екінші таймда ойнады. Бірінші таймда Самородов пен Айымбетов болды. Мен сізге тағы бір сұрақ қояйын...

- Мұнда сұрақты біз қоямыз...

- Жарақатына байланысты алаңға шықпаған Зайнутдиновтің алғашқы минуттардан шабуылға шығып, денсаулығына тағы қауіп төндіргенін қалайсыз ба? Мен онымен бүгін сөйлесіп, ертең қанша уақыт ойнай алатынын анықтауым керек.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші турда қазақстандықтар өз алаңында Словениядан ұтылып (1:2), даниялықтар өз алаңында Финляндиядан (3:1) басым түскен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу