Маусымда сатып алынған әрбір үшінші көлік жаңа болған

Артур Мискарян Артур Мискарян
12965

   Қазақстан автобизнес қауымдастығы өткен айдағы сауда нәтижесін жариялады.

Маусымда сатып алынған әрбір үшінші көлік жаңа болған

Маусымда 3880 автокөлік сатылып, алдағы аймен салыстырғанда   9 пайызға артқан. Мамырда 3573 машина сатылған.Биылғы алты айдың өзінде  2196,4 автокөлік саудаланса, былтырғы  жылдық көрсеткіш 5325,1 болған еді.

Жыл басынан бері елімізде құрастырылған автомобильдерге сұраныс ұлғайып, қарқын әлі де сақталуда. Импорт азайып,отандық көліктер сатылымының көбеюіне мемлекеттің  автонесиелендіру бағдарламасы ықпал еткен.

"Қазақстан даму банкі" маусымның отызына дейінгі дерек бойынша 7201 несие рәсімдеп, жалпы белгіленген қаражаттың  90,96 пайызына жеткен.Екінші деңгейлі банктер  жаңа көлік иемденуге ниет білдірген 6657 қазақстандықтардың арыздарын мақұлдап, сол үшін 23 миллиард  650,4 миллион қаржы бөлінген.

Сатылымның 51,4 пайызы жеңіл көліктерге тиесілі. В санатындағы автомобильдер 66  пайыз болса, С санатындағылар 20 пайызды көрсеткен. Қазақстандықтар  таңдауы көбіне Lada Priora, Hyundai Accent пен Volkswagen Polo көліктеріне түскен.

Жол тандамайтын автобильдердің нарықтағы үлесі 35  пайыз болса, оның 45 пайызы Renault Duster, Toyota Rav4 и Kia Sportage сияқты шағын  джип көліктерінің еншісінде.

Орташа баға 5800000 теңгені құраса, соңғы алты айдағы жоғары сатылым сәуірде тіркеліп 3884 автомобиль саудаланса, ең төменгі  меже 3512 көлік қаңтар айында сатылған.

Артур Мискарян 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу