RU KZ
TV
RU KZ
DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 168,62 KASE 2 292,79 РТС 1 171,09 FTSE 100 6 970,59 Бидай 516,60
$ 378.78 € 430.71 ₽ 5.71
Ауа райы:
-10Астана
-1.39Алматы
DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 168,62
KASE 2 292,79 РТС 1 171,09
FTSE 100 6 970,59 Бидай 516,60
$ 378.78 € 430.71 ₽ 5.71
Мейрамханалар клиент іздеп, көшеге шықты

Мейрамханалар клиент іздеп, көшеге шықты

Ел үкіметі «дөңгелекті бизнесті» дамытуға мықтап кірісті.

Мейрамханалар клиент іздеп, көшеге шықты, дөңгелекті бизнес, фудтрак, трейлер, қоғамдық тамақтандыру

665 08 Қаңтар 2019 16:11 Автор: Жанат Ардақ

Бұл бағытта жұмыстар жүргізу ұлттық экономика министрлігіне жүктеліп отыр.

Осыған орай министрлікте кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповтың төрағалық етуімен «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық топтың» кезекті отырысы өтті.

Жиынға реттеуші мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтың және «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасының өкілдері шақырылған екен. Сарапшылар жылжымалы және көшпелі сауда саласындағы бизнесті дамыту бойынша қалыптасқан жағдайды талдады.

«Стритфут» форматындағы тамақтану Қазақстанда да сәнге айналуда. Әлемдік мегаполистерде қызметкерлер мен жұмысшылардың басым көпшілігі түскі, тіпті кешкі тамағын еш ғимаратқа кірмей, далада, көшеде ішеді. Қазақстанда бұл сала самса, бургер сияқты фаст-фудтың санаулы түрлерімен ғана шектелген.

Сектордың елімізде буырқана дамуына, бизнесмендердің айтуынша, фудтрак қозғалысына қойылған тыйым салулар тосқауыл болуда. Оның үстіне бізде дөңгелектегі стационарлы емес сауда нысанының қызметін реттейтін құқықтық нормалар жоқ.    

«Қазақстанда осы кәсіпкерліктің түрі жоқтың қасы десе де болады. Дегенмен, осыған қатысты халықаралық тәжірибені зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, Еуропа мен АҚШ-та дәл осы «дөңгелекті бизнес» ондаған жылдардан бері үлкен қарқынмен дамуда. Батыста кәсіпкерлер жүк көліктері мен автобустарды жалға алып, оларды қайта жабдықтайды да, күн сайын жүздеген адамды тамақтандыру үшін көшеге шығады. Олар өз өнімдерін жақсы өткізетін жер іздеп, өз орындарын үнемі өзгертіп отырады. Еуропалық мемлекеттердің, Америка құрама штаттарының жолдарында мыңдаған жылжымалы фургон-мейрамханалар әрлі-берлі сабылып жүреді», – дейді Асланбек Жақыпов.

Дамыған елдерде осындай мобильді қоғамдық тамақтандыру орталықтарын кәсіби рестораторлар да ашады. Сонымен қатар бұл іспен дағдарыс кезінде өз кәсібін қолға алып, жаңа мамандықты игеруге бел буған жаңа кәсіпкерлер де айналысады.

Жиында айтылғандай, жылжымалы мекемелердің негізгі мәзірі, әдетте, кең таралған тағамдар түрлерінен, яғни хот-догтар, пицца және басқа да тез әзірленетін тағамдардан, ыстық және салқын сусындардан тұрады.

«Жылжымалы тамақтандыру пунктері, қоғамдық тамақтанудың шағын форматы, немесе «дөңгелектегі бизнес» қазір үрдіс-трендке айналды. Бұл ұзаққа созылған экономикалық күйзеліспен байланысты. Тіпті үлкен мейрамхана-ресторандардың өздері клиенттері азайып кеткендіктен, анағұрлым ұсақ форматтарды жапсарлас дамытуға, тамақтарын халыққа солар арқылы өткізуге ден қоюда. Мұндай жобалар Алматыда, Астанада пайда болды. Батыс Қазақстан облысында, Шымкентте және бірқатар басқа да өңірлерде бой көтеруде. Алайда әрбір өңірде мобильді тамақтандыру бекеттерінің қызметі алға қарай аса күрделі жылжуда. Шығындары да қомақты», – дейді «Атамекен» КҰП сауда комитетінің мүшесі Жібек Әжібаева.

Бұл парадоксты жағдай. Себебі, бүкіл әлемде осы бизнеспен айналысқысы келетін адамдарды ең алдымен, оның инвестициялық шығындарды аз талап ететіні және жоғары табыстылығы қызықтырады. Ал Қазақстанда әзірше керісінше болып отыр.

Ұлттық экономика министрлігі «қазіргі таңда Қазақстан заңнамасының нормалары осындай бизнесті ашуға мүмкіндік бермейтінін» мойындады. Атап айтқанда, белгілі бір аумаққа бекітілмей, әр күні қаланың әртүрлі тұстарында өнім өткізу үшін билік бизнестен «қала бойынша қозғалудың бағдарын бекітуді» талап етеді екен. 

Осыған байланысты ұлттық экономика министрлігінің сараптамалық тобы көшпелі сауданың тек орнын ғана емес, сондай-ақ бағдарларын да бекітуі бойынша жергілікті атқарушы органдардың функционалдық мүмкіндіктерін нақтылау үшін «Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Сауда қызметін реттеу туралы» заңдарға өзгерістер енгізу туралы үкіметке ұсыныспен шықты.

Кәсіпкер Артем Орлянский заңнама реттелгенше, өз әріптестеріне бұл салаға құлаш ұрмай тұра тұруға кеңес береді. Әрине, оның өзі Шымкентте «Вкуснябус» атты жылжымалы асхананы ашқан, оны MEGA ойын-сауық орталығының алдына орналастырып, ісін дөңгелетуде. Тіпті екінші фудтрагын да сатып алыпты.

«Бірақ толыққанды, толық қуаттылықта өрістете алмай тұрмын, өйткені құқықтық өріс жоқ. Әр ауданның салықтық мекемелері бөлек-бөлек. Мұндай жағдайда бір ауданнан екіншісіне қаңбақтай көшіп жүретін дөңгелекті бизнес қайтпек? Біз қалай салық төлейміз? Тиісінше, тексерістер де, құжат-қағаздар саны да еселеніп шыға келеді. Мұны қалай реттестіруге болатынын салықшылардың өздері де білмейді. Ендеше бұл түйткілді мемлекеттік деңгейде шешіп, мобильді сауданы комерциялық қызметтің бөлек бір түрі ретінде жеке шығару қажет», – дейді кәсіпкер.

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, осы орайда «Кейбір заңнамалық актілерге бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасы әзірленіпті. Ол қазір парламент мәжілісінде қаралуда.

Жанат Ардақ

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK