Мемлекеттік қазынаның кірісі I тоқсанда 40%-ға өсті

Камила Абдиева Камила Абдиева
2797

Ұлттық қорға мұнай-газ секторынан түскен түсімдер осы кезеңде 22%-ға түсіп кеткен.

Мемлекеттік қазынаның кірісі I тоқсанда 40%-ға өсті

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша  Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түскен салықтық түсімдер 2,24 трлн теңге болды. Бұл болған көрсеткіштен үш есе көп және бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 40%-ға асып кетті. Бұл қорытынды қаржы министрлігінің abctv.kz танысқан есебінде көрсетілген.

Салықтық түсімдердің өсуі былтырғы жылмен салыстырғанда 637,2 млрд теңге болды және мемлекеттік қазынаның көптеген баптары бойынша түсім болғаны байқалды. Негізгі табысты ҚҚС (+186,8 млрд, 573,4 млрд теңгеге дейін), КТС (+150,5 млрд, 517,1 млрд теңгеге дейін) және ЖТС-тан (+87,3 млрд, 273,2 млрд теңгеге дейін) түскен салықтар қамтамасыз еткен. Қазақстандықтардың нақты табысы 2018 жылы екінші ай қатарынан өсуде, ақпан айының қорытындысы бойынша ол 4,2% болды.  

Салықтық емес түсімдер 2016 жылдың  I тоқсанындағы деңгейге 2,6%-ға, 76,8 млрд теңгеге дейін түсіп кеткен, ал капиталды сатудан кірген кіріс 1,8 есе, яғни  26,6 млрд теңгеге дейін өсті. Мемлекеттік кірістер комитетінің  мәліметіне сәйкес, салықтық түсімдердің негізгі өсімі Қарағанды облысында (2018 жылдың қаңтар- ақпанында 1,8 есе өсті) байқалып отыр.

Осы жылдың қаңтар-наурызында Ұлттық қорға түскен түсімдер 466,9 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 22%-ға аз. Бұл мұнай секторының ұйымдастыруымен  пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша кірістің 299,2 млрд, 52,7 млрд теңгеге дейін жеті есе артық түсумен байланысты. ӨБК-дағы Қазақстанның үлесі арқылы түскен табыс 3,4 есе, 125 млрд теңгеге дейін өсті, бірақ пайдалы қазбаларды өндіруден түсетін түсімнің орнын толтыра алмады.

 I тоқсанда Ұлттық қордың ақшасын пайдалану бәр жыл бұрынғы 612,3 млрд болған көрсеткіштен 796,5 млрд теңгеге  асып кетті. Өсім республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті үш есе арттырумен байланысты болып отыр. Ұлттық қордан қаражаттың таза-жылыстауы есептік кезеңде 329,4 млрд теңге немесе 1 млрд доллардан шамалы көп болды.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу