"Мен қасақана адам өлтірген жоқпын..."

5243

Бишімбаевтың ағасы камераға түсірілген видеоны өшіргенін мойындады.

"Мен қасақана адам өлтірген жоқпын..." Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Бас сот талқылауында Қуандық Бишімбаев әдеттегідей өз кінәсін мойындамады, ал екінші күдікті Бақытжан Байжанов камераға түсірілген видеоны өшіргенін мойындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұған дейін мен бірде-бір сотқа дейінгі талқылауда өзімнің ойымды айта алмадым, өз көзқарасымды білдіре алмаймын. Мүлдем. Прокурор оқыған айыптау актісіндегі айыптаулар дәлелденбеген, еш негізсіз жала жабылып отыр. 110-бапта көзделген қылмысты жасаған жоқпын. Өщ кінәмді мойындамаймын", - деді Қ.Бишімбаев.

Ал екінші күдікті, Бишімбаевтың ағасы камераға түсірілген видеоны өшіргенін мойындады.

"Мен, шынымен, видеоны өшіруді өтінгенімді мойындаймын, сонымен қатар, Салтанаттың телефонын үйге апарғанымды жасырмаймын. Бірақ мұны қаншалықты қылмыс деуге болатынын білмеймін. Ол кезде Салтанаттың өлейін деп жатқанын нп қаза тапқанын білмедім", - деді Б.Байжанов.

Сонымен қатар сот төрағасы алдағы сот отырыстарының өту тәртібін қатысушы жақтармен келісе отырып бекітті. Сонымен 29 наурыз сағат 10:00-де өтетін келесі сот отырысы жәбірленуші тараптан жауап алудан басталады.

"Сонымен сот отырысы мынадай тәртіппен өтеді: алдымен жәбірленуші тараптан, кейін куәгерлер, керек болған жағдайда сарапшылардан жауап алынады. Одан соң қылмыстық іс материалдарына зерттеу жүргізіледі. Ең соңында айыпталушы тыңдалады", - деді Айжан Құлбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу