RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-2.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Нан қымбаттады

Нан қымбаттады

Қостанай облысында әлеуметтік нан қымбаттады, оның бағасын билік енді ұстап тұра алар емес.

Нан қымбаттады, нан, баға, әлеуметтік нан, азық-түлік

728 20 Желтоқсан 2018 14:31 Автор: Татьяна Шестакова

Әлеуметтік нан деп аталатын салмағы 600 грамдық бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бөлке нанның бағасы Қостанай облысында 68 теңгеден 70-75 теңгеге дейін көтерілді.

«Қазан-қарашада ұн тартушылар және наубайшылармен кездесіп, пікірлерін тыңдадық, өйткені нанның өзіндік құнын өсіруге нақты себептер бар. Алайда бөлке нанның бағасын жоқ дегенде 70-75 теңгеден асырмауды сұрадық. Көбісі сөзімізді жерде қалдырып жатқан жоқ. Егер елдегі дәйектемелік кестені ескерсек, онда біздегі нан ең арзан боп саналады. Бір бөлке нанның бағасы 90 теңгеден асып кеткен өңірлер де бар», – дейді Қостанай облысының ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.

Ведомство нан бағасының көтерілуіне бидай бағасының өсуі нақты себеп деп отыр. Басқарма мәліметі бойынша, былтырғы жылы ұн тартушылар үшінші класты бидайдың бір тоннасын шамамен 38-45 мың теңгеге сатып алған, ал биылғы жылы баға 55 мың теңге шамасында болған.

Сондай-ақ облыс басшылығы нанның тек бір ғана түрі – әлеуметтік нан бағасын ұстап тұруға тырысып жатқанын айтуда. Тоқаш, ұннан жасалатын кондитерлік өнімдер бағасын билік қадағаламайды.

Қостанай облысындағы әлеуметтік нан бағасы 2016 жылдың қаңтарына дейін тұрақтандыру қоры арқылы бақыланды, қордан наубайшылар арзан ұн алатын. Бүгінгі күні жергілікті органдардың ресми әрекет ететін құқығы жоқ.

Наубайшылардың қордан арзан ұн алмағанына үш жыл болған, 2016 жылдың қаңтарынан бастап, Қазақстан үкіметі нанның сату бағасы мен өзіндікқұн арасындағы айырмашылықты субсидиялау тәсілінен бас тартқан болатын. abctv.kz тілшісі бірнеше жыл бойы нан бағасына жүргізген есептеулері бойынша, содан бері бір бөлке нанның бағасы 20 теңгеге өскен. Шектік бағаны бекіту фактісін Жансұлтан Таукенов нақтыламады. Егер баға шектік бағадан асып кететін болса, заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Алайда басқарма басшысы әзірге өндірушілермен арадаға уағдаластық бойынша әлеуметтік нан бағасы қазір 75 теңгені құрайтынын айтты.

Соған қарамастан, әлеуметтік нанның бағасын ұстап тұруға тырысып жатыр, оның ішінде тұрақтандыру қорының көмегімен ұстап тұру қарастырылуда. Ауыл шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні қорда шамамен 900 келі ұн бар, оны кәсіпкерлер «Тобыл» АӨК-ге өтініш беру арқылы ала алады. «Тобыл» АӨК-і облыстағы тұрақтандыру қорының операторы.

Негізгі азық-түлік бағасына қатысты қиындықтың барына Қостанай облыстық мәслихатының соңғы сессиясында тұрақтандыру қорына тауарларды сатып алу үшін тағы 176 млн теңге бөлуді қарастыру фактісі дәлел. Қаражатқа 1900 тонна өнім сатып алынады. Оның ішінде, жуа, сәбіз, қырыққабат, тауық жұмыртқасы мен күріш бар. Бұл 2018-2019 жылдарда тұрақтандыру қорын толықтыруға бөлінген 705 млн теңгеге қосымша болмақ. Ауыл шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, оған 2300 тонна картоп, 200 тонна сәбіз, 519,6 тонна қант, 100 тонна сұйық май, 10 тонна сары май, 200 тонна сиыр еті, 900 тонна ұн, 10 тонна күріш, 100 тонна жуа, 200 тонна қырыққабат және 4 млн дана тауық жұмыртқасы сатып алынған. Жалпы 12 түрлі өнімнің 4,8 мың тоннасын сатып алу жайы сөз болып отыр.

Жыл басынан бері 30%-ға көтерілген қант пен 20%-ға көтерілген күріш бағасы алаңдаушылық туғызып отыр. Сұйық май, сиыр еті, тауық еті, сүт пен қырыққабат бағасының өсімі рұқсат етілген 5%-ға өсті. Бағаны ұстап тұруға осыған дейін ірі сауда орындарымен және өнім шығарушылармен жасалған мыңдаған меморандум көмек бола алмады.

Облыстық тұрақтандыру қорынан интервенцияны аудандар түгелге дерлік алмайды. Басқарма мәліметі бойынша, ең аз сауда үстемесі қосылған азық-түлікті 20 өңірден тек 17-сі ғана алады. Ауыл шаруашылық басқармасының осыған дейін берген ақпарында Арқалық, Ұзынкөл, Жанкелді аудандарында интервенция жүргізілмейтіні айтылған.

Татьяна Шестакова

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK