Недовесов ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

576

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Умаг (Хорватия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Недовесов ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы матчын жарыстың 4-ракеткалары, уругвайлық Ариэль Бехар – чехиялық Адам Павлашекпен өткізді. Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде А.Бехар – А.Павлашек есе қайырды – 6:4. Супер тай-брейкте А.Недовесов – Г.Эскобар айқын басымдылық танытты – 10:3. Александр Недовесов пен Гонсало Эскобардың ширек финалдағы кейін анықталады.

Ал Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге ширек финалда аустриялықтар Мелани Клаффнер – Синья Крауспен шеберлік байқасты. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:3 есебімен оңай жеңіске жетті.

Данилина мен Панованың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Жекелей сында тағы бір қазақстандық, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева ширек финалға шыға алмады. Ол дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған германиялық Юле Нимайерден жеңіліс тапты – 7:5, 3:6, 1:6.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу