RU KZ
TV
RU KZ
FTSE 100 6 895,02 DOW J 24 070,49 РТС 1 148,03 Hang Seng 26 774,40 KASE 2 326,19 Өнеркәсібі 1 861,00
$ 377.85 € 432 ₽ 5.63
Ауа райы:
-9Астана
2.16Алматы
FTSE 100 6 895,02 DOW J 24 070,49
РТС 1 148,03 Hang Seng 26 774,40
KASE 2 326,19 Өнеркәсібі 1 861,00
$ 377.85 € 432 ₽ 5.63
Ольга Рыпакова маусымдағы алғашқы жарысына қатысты

Ольга Рыпакова маусымдағы алғашқы жарысына қатысты

7 маусымда Норвегияның Осло қаласында өткен Oslo Bislett Games Бриллиант Лигасының бесінші кезеңінде «Алтай Атлетикс» клубының мүшелері Ольга Рыпакова мен Дэйзи Джэпкимей өнер көрсетті. 

Ольга Рыпакова маусымдағы алғашқы жарысына қатысты, Ольга Рыпакова, үш қарғып секіру, Алтай Атлетикс, Oslo Bislett Games, бриллиант лига

1142 08 Маусым 2018 10:34 Автор:

Әйелдер арасында үш қарғып секіруде Ольга алтыншы орынға ие болды. Ол өзінің ең жақсы деген талпынысында14,12 метрге секірді. 14,89 метрге секірген Катрин Ибаргуэн бірінші орынға көтерілді. Екінші орынды 14,57 метр нәтиже көрсеткен Тори Франклин, үшінші орынды 14,50 метрге секірген Кимберли Уильямс еншіледі. Бұл кезеңге қатысуға небәрі тоғыз спортшы шақырылған болатын.
Рыпакова үшін бұл осы маусымдағы алғашқы сөре болды. Былтыр ол жеңіске жетіп Цюрихте өткен Бриллиант Лиганың бас трофейін қанжығасына байлаған болатын. 
Дэйзи 3000 метрге кедергілермен жүгіріп, үшінші орынға ие болды. Ол 9:16.87 уақытта жүгіріп өтті. 
Жеңіл атлеттер үшін келесі сөре 13 маусым күні Остравта (Чехия) IAAF World Challenge сериясында өтеді. Оған НораДжеруто және Дэйзи Джэпкимей қатысады. Олар 3000 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіреді. 

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK