Олимпиада комитеті жыл үздіктерін марапаттады

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3828

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті биылғы жылды қорытындылап, үздік спортшыларды жариялады.

Олимпиада комитеті жыл үздіктерін марапаттады

Спорт саласындағы "Жыл үздіктері" бірнеше номинация бойынша анықталды. Биылғы жылдың теңдессіздері тізіміне негізінен ақпан айында Кореяда өткен ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында, тамызда Иорданияда жалауы желбіреген ХVІІІ жазғы Азия ойындарында, сондай-ақ қазанда Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындарында топ жарып, ерекше көзге түскен спортшыларымыз ілігіпті.  

"Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы" – Дмитрий Алексанин, ХVІІІ жазғы Азия ойындарының чемпионы және қола жүлдегері (семсерлесу спорты, шпага – жекелей және командалық сын)

"Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы" – Юлия Галышева, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (фристайл, могул)

"Ең үздік жас спортшы" – Бекарыс Сәдуақас, жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы (дзюдо, 100 келі)

"Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы" – Әлия Юсупова (ХVІІІ жазғы Азия ойындарында екі алтын алған қыздарымыздың бас бапкері)

"Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы" – Елена Круглыxина (фристайлдан Қазақстан құрамасының бас бапкері)

"Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация" – ҚР Ұлттық семсерлесу спорты федерациясы

"Ең үздік спорттық өңір" – Шымкент қаласы

"Жыл жаңалығы" – Глеб Брусенский және Евгений Федоров, жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары (велоспорт, командалық аралас бәйге)

"Жылдың үздік командасы" – Су добынан ерлер арасындағы ұлттық құрама (ХVІІІ жазғы Азия ойындарының чемпионы)

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу