Оңтүстіктің қолөнершілері қауымдастық құрды

3188

Шымкент пен Түркістан облысында жергілікті мейрамхана иелері мен ӨКП-ның қолдауымен қолданбалы өнер дизайнерлерінің қауымдастығы құрылды.

Оңтүстіктің қолөнершілері қауымдастық құрды

Шымкентте "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) қолдауымен қолданбалы өнер иелері бір қауымдастыққа бірікті, деп хабарлайды abctv.kz.

Қауымдастық қолөнер иелеріне сауда-жәрмеңке өткізу үшін алаң дайындауға, халықаралық көрме мен курстарды, шеберлік-сыныптарын ұйымдастыруға, жеткізушілер мен сатып алушылар базасын кеңейтуге, қолданбалы өнер шеберлерінің имиджін ілгерілетуге көмектеседі.

Қолданбалы өнер иелеріне төраға мен бастамашыл топ құр және құжаттарды рәсімдеп, ақпарат алмасу мен өзекті мәселелерді шешу үшін ортақ чат құру ұсынылды.

"Сіздер тек көрме мен жәрмеңкелерде ғана кездесесіздер. Сіздерді тек сол кезде ғана көріп, біліп жатады. Ал бір қол астына бірігіп, команда болсаңыздар, онда үлкен күш пен қуатқа ие боласыздар. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың да көзқарасы өзгереді. Егер сіздерде жеке кәсіп болмаса, оны ашуға көметесеміз. Кеңес беріп, салықтық есептің түрін таңдап береміз. Егер сіздер қауымдастыққа бірігетін болсаңыздар, онда мемлекеттік сатып алуларға қатысу да оңай болады. Бізге кәдесый өнімі керек ірі кәсіпкерлер өтініш жасайды. Сол кезде оны істейтін адамды таппай, Алматыдан қыруар ақшаға тапсырыс беріп жасатқан кездеріміз болды", – деді "Атамекен" ӨКП-ның адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Мадина Тұрсынбекова.

Киіз илеушілер, жасанды гүл мен декор, ерекше сыйлық пен ойыншық авторлары кәсіби одаққа бірігуге шақырғанда, бастапқыда қорқақтағаны рас. Тіпті кездесуге облыста жұмыс істейтін екі мың адамнан небәрі 10 кәсіпкер келді. Олар бизнестерінің өлместің күнін көріп отырғанын мойындап отыр.

Олар жылына екі рет өткізілетін Shymkent PopUp Store сияқты жәрмеңкелер кәсіпкерлердің тауарын сатуға мүмкіндік беретінін, бірақ одан әрі нәтиже жоқ екенін, сонымен қатар өз дүниелерін сатуға қоятын жерді жалға алу бағасы да қымбат екеніне шағымданды. Сондай-ақ бәсекелестер тарапынан қызықты тауарларды ұрлау бар болып шықты. Тек бір өнімді сертификаттау 350 мың теңге тұратын көрінеді.

Бір қызығы, қолөнершілерді бір қауымдастыққа біріктіру идеясы мүлдем басқа қауымдастық иелерінен туындаған. Яғни бұл ұсынысты мейрамхана және қонақүй бизнесімен айналысатындар қауымдастығы жасаған. Осы қауымдастық иесі Сәуле Сүлеймен дәмхана мен қонақүй иелері сырттан келген қонақтарға арналған кәдесый өніміне тапсырыс беру үшін осы сала шеберлерінің қызметі қажет екенін айтып отыр. Алайда олардың тұрақсыз жұмыс істейтіндіктен, шұғыл ерекше тапсырысты дер кезінде жасап береді дегенге сенуге болмайтынын, ақыр-соңында туристер сыйлыққа қытайлық кәдесыйлардың көшірмесін әкететінін айтты. Ал үлкен шараны безендіруді көбінесе алматылық дизайнерлер жасайтын көрінеді. Енді жағдай толығымен өзгеруге тиіс.

"Олар алдап кетеді деп қорқатындарын естіп жатырмыз. Олар тіпті өздерінің өніміне салынатын салық төмен екенін де білмеген. Оларға орын-жай, тіпті қарапайым заңгердің көмегі мен авторлық құқығын қорғауда көмек керек екенін түсіндік. Қауымдастықты құрып, осы мақсатқа жұмыс істейміз. Өзіміздің пайда көруімізді мақсат етіп отырған жоқпыз, егер барлығы дұрыс ұйымдастырылып, шеберлер табыс пен қорғаудың бар екенін сезінетін болса, өздері де жұмыстарын кеңейтеді", – деп қорытты сөзін Сәуле Сүлеймен.

Мира Бахытова, Шымкент

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу