RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-0.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Парамоновканың проблемасы

Парамоновканың проблемасы

Картоп өсірумен айналысатын павлодарлық шаруалар суға үш есе артық ақша төлеуі мүмкін.

Парамоновканың проблемасы, Сәтбаев атындағы канал, су тарифі, Парамонов арнасы, Оңдасын Жиенқұлов

685 24 Желтоқсан 2018 15:25 Автор: Фархат Әміренов

Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың Павлодар облысы Достық ауылдық округі аумағындағы бөлігі, яғни Парамоновка арнасы бұған дейін Ақсу қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қараған болатын. Ал осы жылдың наурыз айында Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың балансына өтті. Енді жаңа басшылық Парамоновка арнасындағы судың тарифін үш есе өсірмек.

Бұл қадам каналға тиімді болғанымен, жергілікті шаруаларды титықтатып жіберуі әбден мүмкін. Өйткені, бұған дейін 1 текше метр су үшін 5,68 теңге төлеп келген ақсулық шаруалар, ұсынылып отырған нормаға сәйкес, қосымша құн салғын қоспағанда 1 текше метрге 21,51 теңге төлеуге мәжбүр болмақ.

Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың басшысы Оңдасын Жиенқұловтың сөзінше, тарифті өсірмесе, Парамоновка арнасының шығыны жабылмайды. Ал арнаның бір жылдық шығыны 35 млн 471,6 мың теңгеге тең екен.

«Арна 1981 жылы пайдалануға берілген. Оның құрамына насос станциясы, шаруашылыққа арналған канал, канал арқылы өтетін көпір, аванкамера, канал-ковш, су жіберуге арналған құрылғылар кіреді. Өкінішке қарай, әкімдік арнаны күтіп ұстамаған. Жөндеу жүргізілмеген. Соның салдарынан бізге берілген мүліктің 99 пайызы әбден тозған. Сондықтан насос станциясының негізгі құрылғыларын ауыстыру керек. Жалпы толықтай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Оның үсіне су арнасындағы құрылғылардың құжаты түгел емес. Бұл бөлек бір мәселе», – дейді Оңдасын Жиенқұлов.

Директордың айтуынша, Парамоновка арнасының суын «Береке», «Бекзат» және «Беркат» шаруа қожалықтары пайдаланып отыр. Жыл сайын шамамен 1 млн 649 мың текше метр су тұтынады. Суару маусымы мамыр айында басталып, қыркүйекте аяқталады. Шаруашылыққа арналған каналдың ұзындығы – 14,4 шақырым. Өкінішке қарай, каналдағы плитаның 70 пайызы жарамсыз.

«Парамоновка арнасының негізгі шығынын электр энергиясы құрап отыр. Жылына шамамен 12 млн теңге жұмсалады. Сондай-ақ жұмыскерлердің еңбекақысына бір жылда 17 млн 393,5 мың теңге беріледі. Бұдан бөлек, ағымдық жөндеу жұмыстарына 247,4 мың теңге, жанар-жағармайға 625 мың теңге, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік шараларына 461,5 мың теңге жұмсалады. Басқа да шығындар бар. Осылардың бәрін өтеу үшін тарифті өсіру керек», – дейді Оңдасын Жиенқұлов.

Еске сала кетейік, қазір ел үкіметі тарифтерді төмендету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған осы жылдың қарашасында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ел президентінің берген тапсырмасы түрткі болған еді. Осыған орай, Ақсу қаласындағы электр энергиясының бағасы да арзандайды деген болжам бар. Егер электр энергиясының тарифі төмендесе, Қаныш Сәтбаев атындағы канал басшылығының ұсынысы қайта қаралмақ. Онда канал басшылығының Парамоновка арнасына қатысты ұсынып отырған тарифі аз да болса төмендеуі мүмкін. Бірақ бұл уақыттың еншісіндегі мәселе.

Су тарифінің өсуінен зиян көретін бір ғана топ бар. Ол – жеке кәсіпкерлер. Біз Парамоновка арнасының суын пайдаланып отырған «Береке» серіктестігінің басшысы Сапархан Хәкімовке хабарласқан едік.

«Парамоновка арнасының Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың балансына берілгені дұрыс шешім болды. Өйткені, оларда арнаға жауапты арнайы мамандар мен техника бар. Ал тарифке келер болсақ, бізге оның өзгермегені тиімді, әрине. Мәселен, біздің серіктестіктің 1200 гектар жері суарылады. Оған жыл сайын орташа есеппен 18-20 млн теңге жұмсаймыз. Суға жұмсалған қаржының 75 пайызы облыс әкімдігі тарапынан субсидияланады. Егер келер жылға да субсидия қарастырылған болса, онда судың 1 текше метріне 21,51 теңгеден төлеуге дайынбыз. Бірақ субсидия мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Ашық күйінде қалып отыр. Егер субсидия қарастырылмай, тариф өсетін болса, біз банкротқа ұшыраймыз», – деді Сапархан Хәкімов abctv.kz тілшісіне.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Парамоновка арнасының суын жеке шаруашылықтар пайдаланып отыр. Олар тарифтің өсуіне байланысты судан бас тартуы ықтимал. Ал арна тұтынушысыз қалмақ. Демек, жоба-жоспарлардың бәрі қағаз күйінде қалуы бек мүмкін...

Фархат Әміренов

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK