ПКҚ Астана банкінің активтерін 20% жеңілдікпен сатып алды

2548

"Астана LRT" ЖШС-ның қаражатын проблемалық банктен стрестік активтер қоры арқылы шығарып алуға бюджет қаражаты қажет болмады, алайда бағалау әлі аяқталған жоқ.

ПКҚ Астана банкінің активтерін 20% жеңілдікпен сатып алды

"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ "Астана банкі" АҚ-ның қарыздары түріндегі активтерді 20% жеңілдікпен сатып алды. Бұл туралы abctv.kz-ке қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты. Бұл ретте активтерді соңғы бағалау әлі аяқталған жоқ.

"Астана банкі" АҚ-ның сатып алған активтерін "ПКҚ" АҚ-ы жеңілдік және оларды сатып алуға арналған өзінің шығыстарының 20%-ы есебінде бағалайтын болады", – деп жазылған жазбаша жауапта.

Келісімді қаржыландыру мемлекет бюджетінен қаражат тартпай-ақ іске асқан.

"Астана банкі" АҚ-ның "Астана LRT" ЖШС алдындағы активтер мен міндеттерді алмасу бойынша мәміле банк пен ПКҚ арасында талап ету құқынан шегіну шартын жасау арқылы іске асты, сөйтіп аталған келісімге бюджеттен ақша жұмсалған жоқ", – деп атап кетті вице-министр.

 Еске салар болсақ, 27 тамыз күні банк Қазақстан қор биржасы арқылы "Астана LRT"ЖШС, банк және оның ірі акционері Олжас Тоқтаров және ПКҚ арасында 257,6 млн долларға келісім жасалғаны туралы хабарлады. Келісімнің мәні – банкте орналастырылған депозитті ПКҚ серіктестігіне көшіру. Қор айырбас орнына банктен несие түріндегі активтерді алды.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу