Qazkom Халық банкіне бақылау пакетін сату туралы меморандумға қол қойды

2122

Құжат мәміленің шегі мен талаптарын анықтайды, бірақ міндетті күші жоқ.

Qazkom Халық банкіне бақылау пакетін сату туралы меморандумға қол қойды

"Қазкоммерцбанк" АҚ өз акцияларының бақылау пакетін болашақта "Қазақстанның халық банкі" АҚ-ға сатуға қатысты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды деп хабарлады ҚКБ баспасөз қызметі abctv.kz-ке.

"Өзге тұлғалардан басқа Қазақстан Республикасының үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ҚКБ, Халық банкі, "БТА Банк" АҚ және ҚКБ-ның ірі акционері Кеңес Рақышев меморандумның тараптары болып табылады", - делінген хабарламада.

Жаңалық шыққан мезетте "Қазкоммерцбанк" АҚ ғаламдық депозитарлық қолхаттары (ҒДҚ) Лондон қор биржасында 8,62%-ға арзандап, 1,32 долларға жетті. Хабарлама жарияланған соң 15 минут өткеннен кейін, ҒДҚ құны 1,45 доллар болып, бұрынғы деңгейіне қайта оралды. Алайда бағалы қағаздар бойынша ешқандай мәміле тіркелген жоқ. Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздардың құны өзгеріссіз қалды, бір акцияға 222,48 теңге. 2 наурыз Астана уақыты бойынша сағат 16.47-де акция сату-сатып алу бойынша ешқандай мәмілеге қол қойылған жоқ.

Наурыз айында "Қакоммерцбанк" АҚ өткен жылдың 14 желтоқсанында несие бағытын қалпына келтіру аясында Ұлттық банктен алған 400,8 млрд теңге сомасын толық өтеуді жоспарлап отыр. 2 наурыздағы жағдай бойынша Ұлттық банктің операциялар жүйесі де айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. ЕДБ-ге берілген қарыз мөлшері өзгеріссіз қалды, бұл "Қазкоммерцбанк" АҚ тарапынан міндеттемелердің орындалмағанын жанама түрде растайды.

Қаңтарда салымшылардың банктен кетуі жалғасты, тұрақты есептік мәліметтерден осындай қорытынды шығаруға болады. Банктен алынған депозиттердің мөлшері жалпы депозиттердің 4%-ын құрады немесе 112,5 млрд теңгеге жетті. Жеке салымшылар 75%-дан (85 млрд тенге) астам қаражатты банктен алып кетті.

Бұған дейін 20 қаңтарда Қазақстанның ұлттық банкі мен Қазкоммерцбанк болашақ мәмілеге келу туралы алдын-ала талқылауды бастағанын хабарлаған болатын. Қазкоммерцбанктің акционерлері: Кеңес Рақышев -  43,23% (Qazaq Financial Group арқылы жанама түрде тиесілі акцияларды қоса есептегенде, бақылаудағы акциялардың жалпы үлесі - 71,31%), "Самұрық – Қаына" - 10,72%, Нұржан Субханбердин – 5,99 %, "Орталық-Азия инвестициялық компаниясы" - 8,79%, қалған акционерлер – 3,19%. Халық банкін Қазақстан президентінің қызы мен күйеу баласы Динара және Тимур Құлыбаевтар "Алмэкс" холдинг тобы" АҚ арқылы қадағалайды (банк акцияларының 63,73% иеленеді).

"Қазкоммерцбанк" АҚ – активтер көлемі бойынша Қазақстандағы екінші банк (4,87 трлн теңге).  Оның қарыз қоржыны қаңтар айында 2%-ға (66,7 млрд теңгеге)  қысқарып, 3,63 трлн теңгеге жетті. Банктің жеке капиталы 4,3%-ға немесе 20,8 млрд теңгеге төмендеп, 493,4 млрд теңгеге жетті. Қаңтар айында таза табысы 10,94 млрд теңгені құрады.
Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу