Ресейге салынған санкциялар БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісін өсірді

Камила Абдиева Камила Абдиева
1928

Сәуірде оның көлемі бағамның құбылуынан 2,4 есе өсті, дегенмен кірістілік инфляция деңгейіне ілесе алмай отыр.

Ресейге салынған санкциялар БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісін өсірді

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" (БЖЗҚ) АҚ-ның инвестициялық портфелінің көлемі сәуірде 2%-ға (+160,2 млрд),8,13 трлн теңгеге дейін өсті. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелі активтерінің құрылымында тек долларлық бөлік қана 0,3 пайыздық көрсеткішке, яғни 30,32%-ға дейін өсті деп көрсетілген Ұлттық банктің 2018 жылдың 1 мамырына арналған инвестициялық жұмысы бойынша БЖЗҚ-ның ай сайынғы шолуында.

Атап айтқанда, долларлық портфель 71,25 млрд теңгеге, 2,46 трлн теңгеге дейін; теңгелік портфель 90,3 млрд, 5,6 трлн теңгеге дейін өскен. Активтер бойынша негізгі өсу Қазақстан МҚҚ бойынша болып отыр. Ол 3,6%-ға (+127,5 млрд), 3,7 трлн теңгеден астам болған. Нәтиже бойынша Қазақстан Республикасы құнды қағаздарының үлесі де 0,7 пайыздық көрсеткішке, 45,6%-ға дейін өскен. Өсім реттеушінің ноталарын (+75,4 млрд), сондай-ақ қаржы министрлігінің теңгелік облигацияларын 19,5 млрд теңгеге және долларлық облигацияларын 11,4 млрд теңгеге сатып алу есебінен болған.

Сонымен қатар шет мемлекеттер алдындағы борыштық міндеттемелер үлесі 8,5%-ға (минус 94 млрд), 1,01 трлн теңгеге дейін қысқарған. Бұл БЖЗҚ-ның инвестициялық портфелінің барлық активінің 12,24%-на сәйкес. Борыштық міндеттемелер үлесінің төмендеуі 123 млрд теңгеге борыштық міндеттемелерді жабумен байланысты; қосымша мемлекеттік қағаздар сатып алынған жоқ. 1 мамырға арналған инвестициялық потфельдің құрылымына қарайтын болсақ, онда АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларының қазіргі құны 16,2%-ға (минус 105 млрд) қысқарған.

Халықаралық қаржы ұйымдары міндетінің үлесі де 24,4 млрд теңгеге, 147,5 млрд теңгеге дейін қысқарған. Активтердің валюталық бөлігін жаңаша бөлу аясында шет елдердің (58,34 млрд теңге) квазисекторының борыштық міндеттемелері жеке бөлінді. Сәуірде Ұлттық банк БЖЗҚ портфелін ҚХР-дың (State Grid Overseas) электржелілік корпорациясы мен Sinopec компаниясының облигацияларын 6,5 млрд теңгеге сатып алып толықтырды.

Шетелдік банктердегі депозиттер көлемі есеп беру кезінде 1,6 есе (153 млрд-қа жуық), 396,43 млрд теңгеге дейін өскен. Қолда бар валюталық ақшаның өсімі сәуір айында жарияланған инвестициялық мандаты 300 млн долларға дейін жететін БЖЗҚ активтерін сыртқы басқарушыны іздеуге қатысты тендермен байланысты болуы мүмкін.

Жылдың басынан бері және 1 мамырдағы жағдай бойынша инвестициялық кіріс мөлшері бір ай бұрынғы 75,8 млрд теңгемен салыстырғанда 181 млрд теңге болды. Негізгі өсім "шетелдік валютаны қайта бағалаудан келген шығын" бабы бойынша болып отыр, ол бір айда ресейге қарсы санкцияларды күшейту салдарынан 62,9 млрд-қа, 27,6 млрд теңгеге дейін қысқарған.

БЖЗҚ-ның инвестпортфелінің жылдың табыстылығы жылдық 7,2% болған. Оның ішінде долларлық және теңгелік портфель бойынша ол 3,8% және 8,6% болған. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті мәліметі бойынша, осы жылдың қаңтар-сәуірінде қор активтерінің табыстылығы 2,14% болған, бұл осы кезеңдегі инфляция деңгейінен 0,16 пайыздық көрсеткішке төмен.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу