Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қала ала ма?

645

Француз теннисшісі Каролин Гарсия German Open турнирінде жеңіске жеткен жағдайда Елена үздік үштіктегі орнын жоғалтады.

Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қала ала ма?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (№3) ағымдағы аптаның соңында үздік үштіктегі орнын жоғалтуы мүмкін. Бұл өзгерістер француз теннисшісі Каролин Гарсияның (№4) өнеріне байланысты болады. Қазір Берлинде (Германия) WTA 500 санатындағы турнир - German Open турнирі өтуде. 24 жастағы Рыбакина екінші раундта хорватиялық Донна Векичтен (No23) ұтылып, күтпеген жерден жарыс жолынан шығып қалды. Бірақ, Еленаның әріптестері Арина Соболенко (2), Гарсия және басқа да бірқатар теннисшілер әлі де чемпиондық атаққа ұмтылуда.

Әлемдік рейтингте 29 жастағы Гарсия тіпті бесінші орынға дейін төмендеді. Бірақ бұл ештеңені білдірмейді. Германия астанасында өтіп жатқан турнир нәтижесі бойынша француз теннисшісі спорттық мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік 3-тігіне кіре алады. Ал бұл тәжірибелі спортшыны шабыттандырмай тұра алмайды. Сондықтан қазіргі таңда ширек финалға дейін жеткен Каролин жеңіске жету үшін барын салары анық.

Бүгін, 23 маусымда "Steffi Graf Stadion" спорт кешенінде елорда уақытмен 16:30-да Каролин ширек финалда чехиылқ Петра Квитовамен (No9) ойнайды. Әрине, бұл матч екі теннисшіге де оңайға соқпасы анық. Әсіресе қарсыластар Уимблдонның екі дүркін жеңімпазы екенін ескерсек, қос теннисші де жеңісті уыстан шығарып алмауға тырысады. Үздік үштік қатарына ену үшін Каролин Гарсияға Берлиндегі турнирде жеңіске жету керек. Тек сонда ғана Елена Рыбакина келесі аптада жаңартылған кестеде төртінші орынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның басында, "Ролан Гаррос-2023" турнирінің қорытындысы бойынша Рыбакина мансабында алғаш рет әлемдік рейтинг кестесінің алғашқы үштігіне енді. Дегенмен осы күндері Берлинде өтіп жатқан German Open жарысында жолы болмай, жарысты екінші айналымнан кейін аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу