Рыбакина Римде кіммен кездеседі?

886

Қазіргі таңда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 6-орынға көтерілді.

Рыбакина Римде кіммен кездеседі?

9-20 мамыр аралығында Римде Францияның ашық біріншілігі алдында  теннистен әйелдер арасындағы соңғы WTA 1000 турнирі өтеді. 9 мамырда WTA 1000 - Internazionali BNL d'Italia (Рим, Италия) турнирінде негізгі жеребенің алғашқы ойындары өтті. Әлемнің алтыншы ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина рейтингте жоғарғы орында тұрғандықтан, доданы 10-мамыр күні екінші айналымнан бастайды.

Ал бүгін Астана уақытымен сағат 17:30-да корттардың бірінде италиялық Жасмин Паолини (No65) мен қытайлық Ван Синью (No60) ойнады. Осы кездесудің жеңімпазы Жасмин екінші айналымда Рыбакинамен сынға түседі және қарсыластар бұған дейін кездескен емес.

Айта кетейік, Римдегі турнирде Юлия Путинцева мен Александр Бублик жекелей сында өнер көрсетеді. Олардың қарсыластарының есімі әзірге белгісіз және олар турнирді бірінші айналымнан бастайды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті. Елена Рыбакина 7-ден алтыншы сатыға жоғарылады. Бұған дейін Қазақстан теннисі тарихында жекелей сында ешкім мұндай нәтижеге қол жеткізіп көрген емес.

Рыбакинамен қатар бұл додаға әлемдік теннис жұлдыздары да қатысады. Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек чемпиондық атағын қорғайтын болады. Бірақ Арина Соболенко Мадридтегі жетістігін қайталап, рейтингтегі көшбасшылық үшін күресте барын салуды жоспарлап отыр. Италия астанасында өтетін турнирде әлемнің оныншы ракеткасы Петра Квитова мен әлемнің 11-ші теннисшісі Белинда Бенчичті есептемегенде әлемдік рейтингтегі Топ-20 теннисшінің 18-і сынға түседі.

Қазіргі таңда Ига Швентек хет-трик жасауға дайындалуда. Жалпы, Римдегі турнирді Швентектің турнирі деп атауға болады. Ига мұнда 2021 және 2022 жылдары жеңіске жетті. Екі жыл бұрын  турнирдің шешуші матчтарында Каролина Плишованы 6:0, 6:0 есебімен, өткен маусымда Онс Джаберді 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу