Сақтандырушылар аз төлей бастады

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
1981

Мамыр айында төлемдер 0,5%-ға қысқарған.

Сақтандырушылар аз төлей бастады

Мамыр айының төлем қорытындысы жақсы тренд көрсетті, яғни сақтандырушылар жиі, бірақ аз төлей бастады. 2018 жылдың мамырындағы сақтандыру төлемдері саны бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі өсе өсіп, 141,5 мың транзакциядан 283,8 мың транзакцияға жеткен. Алайда төлемдер санының артуы төлем сомасына әсер етпеді. 2018 жылдың алғашқы бес айында сақтандыру келісімшарты бойынша төленген төлем 31,5 млрд теңге болған, бұл 2017 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіш қорытындысынан 0,5%-ға аз.

Төлемнің төмендеуіне осы жылдың басынан бері 3,5 есе, 168,7 млрд теңгеге өскен, бірақ 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға азайған сыйақы алымының нашар болуы әсер етті. Алайда осыған қарамастан, сақтандыру  ұйымдарының төлем саясаты күшеюде, оған өзіндік себептер бар.

Сақтандыру санаты бойынша мамыр айында ең көп төлем сақтандырудың кең тараған түрі - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша (КҚИ АҚЖМ) жасалған. Автоклиенттерге 10,1 млрд теңге төленген. Жыл басынан бері бұл сақтандыру түрі бойынша төлем 5,3 есе өсіп, былтырғы жылы төлем 5,1 есе өсіп, 10,5 млрд теңге қайтарылған динамиканы қайталады.

Алайда биылғы жылдың мамыр айында төлем саны былтырғы жылғыға қарағанда 10%-ға төмен болды. Яғни былтыр жасалған 31,3 мың транзакциямен салыстырғанда 2018 жылы транзакция 28 мың болды. Осының нәтижесінде биыл нақты былтырғы жылғы төлем сомасына тең төлемге орташа төлемнің өсуі арқасында ғана қолжеткізу мүмкін болды. Егер 2017 жылдың мамырында орташа төлем 335,6 мың теңге болған болса, ал биыл мамырда 361,3 мың теңге болған.

Ұлттық валютаның әлсіреуі, мысалы, доллардың теңге қатысты орташа сараланған бағамы 2017 жылдың мамырында 313,5 теңге болып, ал 2018 жылдың мамырында 329,7 теңге болып кеткені сақтандырушылардың автокөлікті жөндеуге деген шығынын өсірген. Сақтандырушылар төлемді бұғаттап тастай алмайды, өйткені КҚИ АҚЖМ-ның бәсекелес нарығындағы мұндай қадам клиент адалдығын жоғалтуға әкелуі мүмікн. Ақыр-соңында сақтандырушылар олардың санын қысқартып, төлемдерді тұрақтандырып отыр.

Сақтандырудың басқа санатындағы жағдайлар да бір-біріне ұқсас. Егер, мысалы, адами фактормен байланысты ерікті жеке сақтандыруды алатын болсақ, онда барлық сақтандыру желісі бойынша төлем жасау қысқарған, ал сыйақы мен сақтандыру көлемі, керісінше, өскен.

Өмірді сақтандыру бойынша сыйақы 2017 жылдың мамыры мен 2018 жылдың мамыры аралығында нарықтағы ең жақсы динамиканы көрсетіп, 57,5%,18,5 млрд теңгеге дейін өскен. Жасалған келісмшарт саны мен олардың құнының өсуі – өсімге негізгі себеп болды. Дегенмен өмірді сақтандыруға қатысты төлемдер 7,4%-ға қысқарған, яғни 801 млн теңгеден 742 млн теңгеге түскен. Төмендеу төлемдер санының тұрақтылығын көрсетті. Ол төлемнің орташа сомасы 435 мың теңгеден 400,2 мың теңгеге дейін төмендеуімен, былтырғы жылғы 1,8 мың деңгейінде қалған,

Негізінен зейнетақы аннуитеттеріне мән берілетін аннуитеттік сақтандыру төлемдерді 5,4 млрд теңгеден 5,2 млрд теңгеге дейін қысқартып, 3,7%-ға құлдыраған. Төлемдер саны 51,1 мың бірліктен 43,3 мың транзакцияға қысқарған, ал орташа төлем 105,5 мың теңгеден 120 мың теңгеге өскен. Бұл жерде сондай-ақ жыл бөлінісінде сыйақы сомасының 19,5%-ға едәуір төмендегенін атап кету керек.

Банктің қарыз алушыларын сақтандыруы жазатайым оқиғадан сақтандыруға жатады. Сондай-ақ шетелге шығатын  жеке тұлғаларды ерікті сақтандыру, оның ішінде туристерді  ерікті жеке сақтандыру төлемдер басқаларға қарағанда  өсу көрсеткен жалғыз санат болды.  Бұл санаттағы төлем жәй ғана өсіп қойған жоқ, 1,6 есе үлкен динамикамен  өсті. Қаңтар-мамыр айында төлемдер бір жыл бұрынғы 228 млн теңгемен салыстырғанда 373,9 млн теңге болды. Өсу қарқыны төлемнің орташа сомасының екі есе 231,7 мың теңгеден 440, 4 мың теңгеге өсуімен байланысты болды. Ал төлемдерді төлеудің саны 13,8%-ға қысқарған. Сыйақылар 5 млрд теңге болып, 2017 жылмен салыстырғанда 23%-ға өсті.

Медициналық сақтандыру жыл басынан бері, сондай-ақ былтырғы жылғы көрсеткішке қарағанда сыйақының жақсы көлемін жинап, 14,6 млрд теңгеден 17,1 млрд теңгеге өскен, оның ішінде келісімшарттар санының өсуі де бар. Алайда медициналық портфельдің өсуі төлемдерде  аса көріне қойған жоқ. Ол бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,2 млрд теңгеден 6,9 млрд теңгеге түскен. Есте қаларлығы, төлем сомасы төлемдер төлеу есебінен төрт есе төмендеген.

АвтоКАСКО мен мүлікті залалдан сақтандыру негізгі санат болатын мүлікті ерікті сақтандыру бойынша жағдай төмендегідей болды. АвтоКАСКО бойынша сақтандырушылар олар үшін қолайлы жағдайды тіркеуге тырысты. Жыл басынан бері осы санат бойынша сақтандыру өскен, ал бұрынғы жылы құлдыруды көрсеткен болатын. Сақтандырушылар төлем көлемін бұғаттады, төлемдер санын 5,5 мың транзакциялардан 4,7 мың транзакцияға қысқаруынан, орташа төлем 483-485 мың теңге шамасында қалып отыр. Мұндай саясат төлем сомасынан үнемдеуге мүмкіндік берді. Ол 2,6 млрд теңгеден 2,2 млрд теңгеге қысқарған.

Мүлікті зиян келуден сақтандыруға келер болсақ, онда бұл жердегі жағдай сақтандырушылар үшін аса жақсы болып тұрған жоқ. Сыйақылар сақтандыру көлемін қысқарту есебінен 9,5%-ға азайған, алайда бәрібір толық төлеу керек болады. Төлемдер 2,6 есе, яғни 1 млрд теңгеден 2,7 млрд теңгеге дейін өсті, орташа төлем де 9 млн теңгеге дейін екі есе өсті, ал төлем саны 300-ге дейін жетті. Мүліктік сақтандырудың аталған түрі елеулі тәуекелдерді сақтандырады, сондықтан бұл жердегі төлемдер де ауқымды. Бұл ретте нарық өте бәсекеге қабілетті, жақсы келісімшарт үшін күресуге тура келеді және ірі клиенттер де баға бойынша мәжбүрлейді, ал бұл сақтандырушылардың сыйақы жинауына қатты әсер етеді.

Сақтандыру ұйымдарының  2018 жылдың қаңтар-мамырындағы төлем  саясатының қорытындысын жасай келе, сақтандырушылардың негізгі қызметтен тауып жатқан кірісі төлем сияқты өсіп жатқанын айтқымыз келеді. Мысалы, кіріс жыл басынан бері 5,3  есе (110,1 млрд теңгеге дейін) және 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өскен. 2018 жылдың басынан бастап сектордың шығысы 5,2 есе (106,8 млрд теңгеге дейін), ал 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өскен. Шығыс сыйақымен бірдей болуда, сақтандырудың маржалығы төмендеуде, сондықтан компаниялар әр теңгені санайды. Ал мұның барлығы айналып келгенде төлем саясатына әсер етеді. Сақтандырушылардың сараңдығы өз жемісін беріп жатыр, сақтандырудың орташа залалдығы 30,5%-дан  25,5%-ға төмендеген.   

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу