Салық кодексіндегі кейбір жеңілдік жойылмақшы

Жанар Сердалина Жанар Сердалина
17333

Қазақстан Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев салық заңнамасына енгізілуі мүмкін кезекті өзгерістерге қатысты abctv.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді. 

Салық кодексіндегі кейбір жеңілдік  жойылмақшы

-  Қуандық мырза, Мәжілістің бүгінгі отырысында Қазақстан салық жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы айттыңыз. Негізінен, бірқатар тиімсіз салықтық жеңілдікті жою жайын сөз еттіңіз. Осы жайында толығырақ айтып берсеңіз.

-  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Дүниежүізілік сауда ұйымы (ДСҰ) талаптары аясында өзіміздің салық алаңымызды, әсіресе жанама салықтарымызды ДСҰ-ы ережелерімен сәйкестендіруіміз керек. Ал, ең басты қағида - бұл бейтараптық. Яғни, егер отандық өндірушілерді қосымша құн салығынан (ҚҚС) босататын  болсақ, онда ондай тауардың импортын да ҚҚС-тан босатуымыз керек. Ал егер импорттық тауарды кедендік баждан босататын болсақ, онда осындай механизмдерді өзіміздің өндірушілеріміз үшін де жасауымыз қажет.

Мұның барлығы ДСҰ талаптары, ал біз, өзіңіз білесіз, осы ұйымның мүшесіміз. ДСҰ-ға өту кезеңі аяқталып қалды, енді біздің кәсіпорындарымызға қолдау көрсетудің басқа тәсілдерін, яғни ДСҰ процестері мен нормалары тұрғысынан сәйкес келетін тәсілді табуымыз керек. Және ондай мүмкіндік бар деуге болады, қазір біздің Ұлттық экономика министрлігінің жұмыс тобында тиісті тәсілдер әзірленуде. Бұл жерде кәсіпкерлер мен өндірушілерде  қандай да бір түсінбеушілік туындамағаны жөн, біз барлық салада қалыптасқан тепе-теңдікті (балансты) бұзбас үшін барлық шараны қарастырамыз.

-  Сіз қолданыстағы арнайы салықтық тәртіптің  реформалануы  туралы да айтып кеттіңіз. Қандай жаңалықтар күтуге болады?

-  Егер арнайы салық тәртібінде жанама салық бойынша жеңілдіктер қарастырылған болса, атап айтқанда ҚҚС, онда, әрине, бізге бұдан бас тартуға тура келеді. Себебі, бұл ДСҰ нормаларына қайшы келеді. Бірақ, қазір оның орнына не ұсынытанымызды әзірлеп жатырмыз.

-  Алайда, салық тәртіптері, яғни, "ықшамдау", патент, жалпы бекітілгендер - қала ма?

-  ДСҰ нақты жанама салық төлеуді реттейді, сондықтан егер бұл тәртіптердің құрамында жанама жеңілдетілген салықтар болса, онда, әрине, оларды жойып, басқалармен алмастыруға тура келеді. Ал салық тәртібінің жанама салыққа қатысты емес бөлігі қала береді.

Жанар Сердалина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу