Салық реформасындағы талас-тартыс

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
14818

Үкімет салық салу жүйесінен "коммерциялық табысқа" төлем жасауды алып тастау мәселесін әлі шешкен жоқ.

Салық реформасындағы талас-тартыс

Жер қойнауы және жаңа Салық кодексі туралы жобалар әзірленіп жатқанына қарамастан, үкімет жер қойнауын пайдаланушылар үшін коммерциялық табысқа төлем жасауды алып тастау жөнінде бір шешімге келген жоқ. Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев депутаттарға берген жауабында бұл мәселенің әлі талқыланып жатқанын айтты.

"Қазір бұл мәселе жұмыс тобында қызу талқыланып жатыр. Бізге, ең бірінші, инвестиция және даму министрлігімен және энергетика министрлігімен жер қойнауы туралы кодекс жобасына қосылатындарды әзірлеп алуымыз керек. Сондықтан жер қойнауы туралы кодекс жобасында не болатыны әлі шешілген жоқ. Кодекс жобасында коммерциялық табысқа төлем жасаудың орнына жалға беру төлемі, сонымен бірге басқа да жолдар ұсынылып отыр. Мәселе толығымен шешілген жоқ. Сондықтан коммерциялық табысқа бонус төлеу алып тасталатын болса, онда бұл мәселе де қарастырылады", – дейді Ардақ Теңгебаев.

Бонус алу мәселесі әлі шешілмесе де, бизнестің басқа ұсынысы – пайдалы қазбаны өндіру салығын (ПҚӨС) роялтиге айырбастау мәселесі толығымен шешілді. Бизнес-қауымдастықтың бірқатар өкілі мұндай айырбастауды дұрыс деп есептейді. Олардың айтуынша, роялтиді өндіріп алу өндіріс салығына қарағанда нарықтық және экономикалық негізделген механизм.

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы сатудан түсетін өндіріс салығын роялтиге айырбастау халықаралық стандарттарда да көрсетілген. Бұл 2016 жылы Қазақстан мүше болған CRIRSCO комитетінің талабы. Алайда мемлекеттік шенеуніктердің ойы басқаша.

"Өндіріс салығы жер қойнауы үшін төлемді қажет етеді. Яғни егер сен жер қойнауынан пайдалы қазба өндірген болсаң, ол мемлекеттің меншігі болғандықтан, ол үшін ақы төлеуің керек. Ал роялти жер қойнауын пайдаланғаның үшін төлем қажет етеді, ол сенің сатқаныңнан төлем сұрайды. Сондықтан өндіріс салығын роялтиге айырбастауға қарсымыз. Өйткені жер қойнауының ақысы басқа жаққа кетіп қалады", – деп нақтылады Ардақ Теңгебаев.

Мұның тек бір ғана мемлекеттік органның позициясы екенін айтып өту керек. Жер қойнауы туралы кодекс жобасы бойынша дау әлі жалғасып жатыр, ал жаңа Салық кодексінің жобасы көпшіліктің талқылауына әлі ұсынылған да жоқ. Сондақтан бұл даудың басы ғана. Дегенмен айтылып отырған екі құжат парламенттің талқылауына 2017 жылы түседі деп күтіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу