Сенсация. Әлемнің бірінші ракеткасы Уимблдоннан шығып қалды

576

Польшалық теннисші Ига Швентек Уимблдон тунирінің жартылай финалына шыға алмады.

Сенсация. Әлемнің бірінші ракеткасы Уимблдоннан шығып қалды

1/4 финал матчында әлемнің бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 76-орында тұрған украиналық Елена Свитолинамен кездесті. Матч 7:5, 6:7, 6:2 есебімен Свитолинаның пайдасына аяқталды. Ойын екі сағат 52 минутқа созылды.

Сондай-ақ Уимблдон 2023 турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында бірінші жартылай финалдық жұп белгілі болды. Әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Джессика Пегула чех теннисшісі Маркета Вондроушевадан (WTA рейтингінде 42-орында) жеңіліп қалды - 4:6, 6:2, 4:6. Матч екі сағат 18 минутқа созылды. Нәтижесінде ½ финалда Свитолина Вондроушевамен кездесетін болды. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тунистік Онс Жабермен ойнаса, тағы бір кездесуде америкалық Мэдисон Кис Арина Соболенкомен өзара сынға түседі.

Әлемнің бірінші ракеткасы, поляк теннисшісі Ига Швентек Уимблдонның ширек финалында украиналық Элина Свитолинадан жеңілгеннен кейін матчқа қатысты пікір білдірді.

"Кортта барымды салдым. Бұл менің ең жақсы ойыным болмаған шығар. Бірақ Элина өте жақсы ойнады. Сондықтан оны құттықтаймын. Оның бір-екі жыл бұрын кездескен кездегіден басқаша ойнағанын сезіндім. Кейбір қателіктерге жол бердім. Нәтижесінде жеңіліс таптым.

Егер оның мансабына тұтастай қарайтын болсақ, оның "Үлкен дулыға" турнирін жеңгені керемет болар еді. Элина ана атанғаннан кейін көп ұзамай кортқа қайта оралды. Кортта матч аяқталған соң мен оған турнирді жеңеді деп үміттенетінімді айттым. Мен оның шынымен де мұны қалайтынын білемін. Сондықтан оған жанкүйерлік ететін боламын", - деді Швентек баспасөз мәслихатында.

Айта кетейіек, Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдонның қазіргі чемпионы Елена Рыбакина жарыстың жартылай финалына шығу  үшін 12-шілде күні елорда уақытымен 18:30-да тунистік Онс Жабермен сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу