Ширек финалға шыққандар белгілі

767

Қазақстан кубогының 1/8 финалдық ойындары өтіп жатыр. 

Ширек финалға шыққандар белгілі

Қарағандылық "Шахтер" "Оқжетпесті" 5:0 есебімен жеңіп, көкшетаулық команданың тас-талқанын шығарды. Осының алдында олар өз алаңында 1:0 есебімен басым түскен еді. Ерлан Оразаев басқаратын команда біртіндеп өз бабына келіп жатқан сыңайлы. Кілең жастармен ойнайтын "Шахтер" расымен де таңқалдырды. Легионерлерді өкіртіп алған "Оқжетпесті" қос матчтың қорытындысы бойынша 6:0 қылды. Ақмола облысының бас командасы осылайша жарыстан шығып қалды. Енді олардың басты мақсаты Премьер-лигадан шығып қалмау. Асқақ армандары орындала берсін деп тілеулестік танытамыз. 

"Атырау" командасы сенсация жасап, "Ақтөбеден" айласын асырды. Пенальти сериясында жеңіске жетіп, қыруар бюджеті бар "Ақтөбені" ысырып тастады. Керемет легионерлермен жасақталған "Ақтөбе" үшін бұл ұят нәрсе. "Атырау" клубы осымен 11 мәрте ширек финалға жолдама алып отыр. Жалпы алғанда дәл осы "Атырау" кубок ойындарын керемет ойнайды. Соңғы 6 жылда 2 мәрте финалға шыққан. Ендігі қарсыласы кім болатынын жеребе анықтайды. 

"Қызылжар" командасы биыл сұрапыл. Ойыны да, нәтижесі де. Премьер-лигада бірінші орында тұрған бұл команда кубоктың ширек финалына шықты. "Жетісумен" 0:0 тең түсті. Өйткені, өз алаңында бар мәселені шешіп тастаған. Қызылжар қаласында өткен матчта олар 3:0 ұтқан болатын. Ал "Ордабасы" өз алаңында 1:2 жеңіліп қалған еді. Араға апта салып сырт алаңда жеңіске жетті. Сырт алаң болғанда матч бәрібір "Ордабасының" алаңында өтті. Өйткені, "Мақтааралдың" өз стадионы да жоқ. Есеп 4:1 "Ордабасы" ширек финалда. 

Бүгін осы тізімді жалғаған бір команданың есімі белгілі болды. Ол Қостанай қаламсының бас командасы "Тобыл". Олар Павлодарға келіп, "Ақсуға" 2:1 есе жіберді. Алайда, бірінші матчта 2:0 жеңгенінің арқасында ширек финалға жолдама алды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу