ШҚО-да кәсіптерін заңдастырмаған тұлғаларға қарсы күрес жүріп жатыр

3778

Жергілікті билік МӘМС-ті енгізуге дайындық барысында өңірдің еңбекке қабілетті халқының жартысы бейресми секторда жұмыс істеп жүргенін анықтады.

ШҚО-да кәсіптерін заңдастырмаған тұлғаларға қарсы күрес жүріп жатыр

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) 10 мыңнан астам жеке кәсіпкер мен 300 мыңнан артық жұмысқа қабілетті адам тіркелген. Облыстың мемлекеттік кірістер департаменті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу алдында бейресми жұмыс істеп жүргендерді заңдастыру барысында осындай алдын ала есеп жасады.

Өңірдегі халық саны 1,3 млн-нан асады. Облыстық статистика комитетінің есебі бойынша, жұмысқа қабілетті халық 714,8 мың адам. Оның ішінде 400 мың адам бойынша мәлімет бірде-бір әлеуметтік ақпараттық жүйе базасында тіркелмеген деп отыр Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды  үйлестіру басқармасының басшысы  Елена Старенкова.

"2017 жылы ШҚО әкімі Даниал Ахметов штаб құрып, жұмыс істеген болатынбыз. Жергілікті артқарушы орган, бірқатар облыстық департамент пен басқарма өкілдері аулаларды, пәтерлерді аралап, тексеріс жүргізген. 2018 жылдың 1 қаңтарында 1400 адамнан басқа барлық адам анықталды", – деді Елена Старенкова жақында Өскеменде штаб мүшелерімен өткен брифингте.

Елена Старенкованың мәліметінше, тізімде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар, келісімшарт бойынша заңсыз жұмыс істейтіндер, ешқашан есепке тұрмаған жұмыссыздар, үй шаруашылығындағы әйелдер, студенттер, жүкті әйелдер мен бала күтімі бойынша декреттік демалыста отырғандар, әскери қызметкерлер бар болып шықты. Сонымен қатар тізімде  қайтыс болған адамдар бар екені анықталған. Олардың қайтыс болғандығы ресми түрде рәсімделмеген. Бұған қоса өңірден көшіп кеткендер, тіпті елден кеткендер бар екені белгілі болды. Жыл басында екі мың адамның ғана мәртебесі анықталмады. Ал қазір бұл тізім 952 адамға дейін қысқарған.  952 адамды анықтай алмай  отырмыз.

"2018 жылдың 1 қаңтарында облыс бойынша 188,6 мың адам ешқандай жерде тіркелмегені белгілі болды. Бұл  –  міндетті зейнетақы жарнасы аударылмаған адамдар. Сондай-ақ оларда әлеуметтік сақтандыруда жоқ. Биыл адамдардың мемлекетпен заңды қарым-қатынасқа түсуіне қатысты жұмысты одан  әрі жалғастырдық, – деді  Елена Старенкова. – Осының нәтижесінде биылғы жылдың сегіз айында 80 мың адамды жұмыспен қамтыдық. 12,5 мың жұмыссыз жұмыспен қамтудың ұсынылып отырған тетіктерін пайдаланды. Енді 108 мың адамды қамту керек. Олардың ішінде, ең бірінші, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтып отырғандардан бастау керек. Олар бұл тізімнің 42%-ын құрап отыр".

Оның айтуынша, жұмыспен қамтудың белсенді түріне немесе өз істерін заңдастыруға барлығы бірдей қатысқысы келмейді. 15,6 мың өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтып отырған адам заңдастырудан бас тарттты. Олардың ішінде өзінің өндірісі үшін өнім өсіретін жеке қосалқы шаруашылық иелері бар. Мұндай адамдардың саны 6,5 мың. Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтып отырғандардың 400 мыңнан астамы сату үшін өнім өсіретін жеке қосалқы шаруашылық иелері.

Сондай-ақ еш тіркеусіз жеке кәсіпкерлікпен айналысып ортырғандардың саны 34,8 мың адамнан асады. Олар –  таксистер, үйде тапсырыс қабылдайтын тігіншілер, бала күтушілері, үй шаруасындағы әйелдер, шеберхана иелері. Бірақ бұлар ресми түрде тіркелмеген. Ал 3,4 мың адам отбасылық кәсіпорындардың еңбекақы төленбейтін жұмыскері. Енді бір категория жұмыссыздарға тиесілі. Олардың саны 24 мың, яғни олар бейресми сектордағы адамдар тізімінің 23%-ын құрап отыр. Олардың 19,5 мыңы жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқылары келмейтінін айтқан.

Елены Старенкованың сөзінше, заңсыз жұмыс істеп отырғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелетін болса, қандай артықшылықтар болатыны түсіндіріліп жатыр.

"Егер олар салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, онда "Еңбек" нәтижелі еңбекпен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағытына сәйкес жылдық 6 пайызбен несие ала алады. Сонымен қатар өз бизнесін бастауға жабдық сатып алу үшін 240,5 мың теңге көлемінде грант беру деген жаңа тетік бар. Қазір бізде бұл тек енді ғана басталып жатыр, алдағы уақытта ШҚО-ның 269 адамы осы грантқа үміттене алады, – деп толықтырды ол. – Осы грантқа қарастырылып отырған бюджет 64,5 млн теңге. Егер қатысқысы келетіндер саны көп болса, онда оған бюджеттен қосымша қаражат қарастыруға болады".

Бағдарламаға қатысушылармен қатар гранттарды алуға кәсіпкерлік негізіне оқытуға арналған курстарда оқыған немесе ТжКБ бойынша оқығандар, сондай-ақ "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағыты аясында қысқамерзімді кәсіби оқытудан өткен оралмандар мен қоныс аударушылар да үміттене алады.

Биылғы жылы Шығыс Қазақстан облысында "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде 855 шағын несие беру жоспарланып отыр. Оның ішінде қалаларға 105 шағын несие, ал ауылдық жерге 705 шағын несие берілмек. Осы мақсат үшін 4,2  млрд теңге қарастырылған, сонымен қатар президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында тағы қосымша 1,7 млрд теңге бөлінген. "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша биыл 2,6 мыңнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар мен жұмыссыздар оқытылады деп жоспарлануда. Оның ішінде бір жарым мыңнан астам адамға шағын несие беру көзделіп отыр.

"Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша 1,5 мың адам оқып шыққан, ал 1,1 мың адам бизнес-жоспарын қорғаған. 251 жоба қаржыландырылды. Бағдарламаның үшінші бағытында субсидия берілетін жұмыс орнын құру негізінде жұмысқа орналасуға, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға көмектесу қарастырылған. 

Биылғы жылы әлеуметтік жұмыс орнына 622 адамды тұрғызу жоспарланған болатын, ол үшін 175,2 млн теңге қарастырылған. Ал жастар тәжірибесіне 698 адамды қамту қарастырылған, оған 338,8 млн теңге бөлінген. Облыс бойынша "Еңбек" нәтижелі еңбекпен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру үшін 2018 жылдың өзінде 8,4 млрд теңге бөлінген.

Елена Старенкова ауыл тұрғындарына ірі шаруа қожалықтарымен ресми келісімшарт жасап, оларға заңды түрде сүт, ет өткізуді ұсынды. Сонымен қатар ол жеке жылжымайтын мүлік агенттіктері, электронды еңбек биржасы жайлы еске салып кетті.

"Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтып отырғандар мен жұмыссыздарға осылайша өмір сүру ұзаққа бармайтынын түсінген жөн. Өмірдегі орындарын анықтап, белсенді өмірлік ұстанымдары болуы керек", – деп түйіндеді ол.

Ольга Ушакова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу