RU KZ
TV
RU KZ
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38 Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33 KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
Ауа райы:
-1Астана
-0.23Алматы
РТС 1 176,42 DOW J 24 711,38
Hang Seng 27 090,81 FTSE 100 6 968,33
KASE 2 323,35 Алтын 1 281,30
$ 378.66 € 431.56 ₽ 5.7
ШОБ-ты дамытуға 71 млрд теңге бөлінеді

ШОБ-ты дамытуға 71 млрд теңге бөлінеді

Былтыр «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 21 181 жобаға қолдау көрсетті.  

ШОБ-ты дамытуға 71 млрд теңге бөлінеді, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Абай Сарқұлов, субсидия, несие

322 13 Қаңтар 2019 22:20 Автор: Қанат Махамбет

Жобаларды қаржыландыруға 473,3 млрд теңге жұмсалды. Қордың басқарма төрағасы Абай Сарқұлов осылай деді.

«Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша 2018 жылы 17 690 жобаға 248,5 млрд теңге несие берілді. 173,2 млрд теңгені құрайтын 1 432 жобаның несиесі субсидияланды. Қор арқылы банкке берілген кепілдік көлемі 48%-ға артты. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 41 жоба субсидияланып, БҰҰ даму бағдарламасы бойынша 68 жоба мақұлданды», – деді Абай Сарқұлов.

Оның сөзінше, биыл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арнайы әзірленген жол картасы шеңберінде теңгемен берілетін несие механизмінің операторы болады.

«Механизмді жүзеге асыруға қосымша 600 млрд теңге бөлінеді. Жол картасы аясында субсидиялауға 30 млрд теңге қарастырылған. Биыл 50 млрд теңгеге дейін капиталдандыру күтіп отырмыз», – деді басқарма төрағасы.

Абай Сарқұловтың сөзінше, шағын және орта бизнесті дамытуға 71 млрд теңге қаржы бөлінеді.

«Қор алдында ислам қаржыландыру шартын іске қосу, микроқаржы ұйымдарының қатарын көбейту, Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдарын тарту секілді маңызды міндет тұр», –  деді басқарма төрағасы.

 Қанат Махамбет

Тегтер:

Аbctv.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу:

OK