Шпекбаев үкімет жұмысын ашық қылмақшы

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
2486

Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін енгізу мәселесіне ерекше тоқталды.

Шпекбаев үкімет жұмысын ашық қылмақшы

Жұма, 19 қазанда өткен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықтан азат, азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдірудегі агенттіктің міндеттеріне арнады.

Атап айтқанда, бюджеттік шығындарды оңтайландыру мен үнемдеу негізінде жаңа жүйе аясында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру жайы айтылды. Бұл кепілді және бәсекеге қабілетті ақы төленетін, тұтас мемлекеттік аппаратты құруға ықпал етеді.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірқатар қосалқы функцияларын агенттіктің базасында құрылған Бірыңғай қызмет көрсету орталығына көшіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Одан бөлек, төраға мемлекеттік қызметшілердің жұмыстары мен жеке өмірі арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелеріне тоқталды. Оның пікірінше, барлық мемлекеттік органдарда икемді жұмыс уақыты мен жұмыс күнінің соңында компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйесі енгізілуі керек.

Мемлекеттік қызметкерлерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін зерттеу қарастырылады.

"Жаппай "бұлттық" технологиялар енгізіліп жатқанда, біз бүгінге дейін қызметкерлерді кабинетке байлау арқылы жұмысқа жаппай жұмылдыруға себепкер боламыз және басқару шешімдерін қабылдау үрдісінде қажетсіз әуре-сарсаңға саламыз", – деді агенттік төрағасы.

Кадрлық саясатты жетілдіру мақсатында конкурстық іріктеуді жүзеге асыру уақытын қазіргі 50 күннен 15 күнге дейін қысқартуына мүмкіндік беретін үш кезеңнен екі кезеңдік конкурстық іріктеуге көшу ұсынылуда.

Заманауи тәжірибеге бағдарланған курстар негізінде жаңа формация басшыларын оқыту бағдарламаларын дайындау мен енгізу мәселелеріне ерекше  назар аударылды.

Елбасы жолдауындағы  тезис аясында мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту қажеттігі бойынша агенттік төрағасы барлық орталық және аумақтық құрылымдардың басшыларына Facebook әлеуметтік желісінде арнайы парақшаларды ашуды тапсырды.

"Бұл азаматтардың нақты мәселелерін қадағалауға, сіздердің жұмыстарыңыздың ашықтықтығын қамтамасыз етуге және клиентке бағдарлануына мүмкіндік береді", –  деді Алик Шпекбаев.

Агенттіктің қызметін цифрландыру жағдайында жақын арада екі жаңа өнім ұсынылатын болады. Оның бірі азаматтарға ХҚКО-да, мемлекеттік кіріс, емханаларда және басқа да мемлекеттік мекемелерде қызмет көрсету сапасы туралы агенттікке хабарлауға мүмкіндік беретін "Сандық агент" мобильді қосымшасы болса; екіншісі Астана қаласының тұрғындарына бюджет қаражатының жұмсалуын дербес бақылауға мүмкіндік беретін Астанадағы қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы.

Агенттік төрағасы тағайындалған адамдардың тарапынан сыбайлас жемқорлық үшін бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін енгізу мәселесіне ерекше тоқталды.

"Егер басшы өзі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтап, оларды болдырмау және алдын алу бойынша жан-жақты шаралар қабылдаса, ешқандай тәртіптік шара қолданбайды. Бірақ егер мұндай фактілер құзыретті органдар тарапынан анықталса және олар жүйелі сипатқа ие болса, онда жауапкершілікті басшылар өз мойнына алу керек болады", – деді Алик Шпекбаев.

2019 жылдың басынан бастап "Астана алдық алаңы" жобасының негізінде әзірленген "Сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар" бағдарламасы іске қосылады.

Бұл мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ашық бюджеттер, басшылардың жеке жауапкершілігі, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы және басқа да көрсеткіштер арқылы аймақтық мемлекеттік органдардың кең ауқымды "қайта қалпына келуіне" мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру аясында агенттіктің күш-жігері азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықта жаңа "өсу нүктелерін" әзірлеуге бағытталатын болады.

"Осы салада неғұрлым ҮЕҰ-дар мен белсенділер көп болса, соғұрлым тезірек біз әлеуметтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетке ие боламыз", – деді төраға.

Қазіргі таңда жалпы сомасы 6 трлн теңгені құрайтын 162 бизнес сүйемелденген "Бизнес және инвестицияны қорғау" жобасының жетістіктері аталып өтті.

Оның айтуынша, жоба тиімді және бұған дәлел жобаға қосылған бірде бір инвестор мемлекеттік органдармен соттық дауға түспеген.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу