Статистика алдамайды, сандар "сөйлейді"

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2694

Алты ойында – 8 гол, 107 соққы, 3030 пас.

Статистика алдамайды, сандар "сөйлейді"

Футболдан Қазақстан құрамасының "Ұлттар лигасы-2018" додасындағы статистикалық көрсеткіштері

Биыл Қазақстан ұлттық құрамасы UEFA-ның 2018 жылғы Ұлттар лигасы додасына қатысты. Нақтырақ айтқанда, "D" лигасының 1-тобында бақ сынап, 6 ойын өткізді. Бір ойында жеңіске жетіп, үш рет тең түсті де, екі мәрте жеңілістің кермек дәмін татты. Доп айырмасы: 8-7.

Біз бүгін ұлттық құрамамыздың осы 6 матчтағы статистикалық деректеріне тоқталып өтсек деп едік:

Ойын саны – 6

Жеңісі – 1

Тең түскені – 3

Жеңілісі – 2

Ұпайы – 6

Соққан голдары – 8

Бір ойында орта есепен – 1,33

Өз қақпасына жіберіп алғаны – 7

Бір ойында орта есеппен – 1,2

"Құрғақ" матчтары – 1

Қақпашының сейфтері – 10

Қорғаушылардың тойтарған доптары – 201

Оның ішінде, допты тартып алған сәттері – 23

Қақпаға бағыттаған барлық соққылары – 107
Тура соққылары – 30
Қиыс кеткені – 49
Тойтарылғаны – 28

Қақпа бағанасына тигені – 1
Өздерінің бұрыштама соққылары – 36

Допқа иелік ету – 58%
Пастардың дәлдігі – 80%
Барлық пастары – 3030
Дәл пастары – 2491

Қарсыласының қақпасына қарай асырған пастары – 195

Қарсыласының қақпасына асырған дәл пастары – 91
Ескерту (сары қағаз) – 12

Алаңнан қуылды (қызыл қағаз) – 1
Ереже бұзған сәттері – 95

Өздеріне қарсы ереже бұзылған сәттер – 78

Енді осы алты ойында ел намысын қорғаған ойыншылар тізімін ұсынамыз:

Қақпашылар:

Ненад Эрич ("Астана") – 5 ойын, 450 минут (5 гол жіберіп алды)

Дмитро Непогодов ("Тобыл") – 1 ойын, 90 минут (2 гол жіберіп алды)

Қорғаушылар:

Абзал Бейсебеков ("Астана") – 6 ойын, 539 минут ойнады

Евгений Постников ("Астана") – 4 ойын, 360 минут

Юрий Логвиненко ("Астана") – 4 ойын, 360 минут (1 гол соқты)

Сергей Малый ("Астана") – 4 ойын, 360 минут

Дмитрий Шомко ("Астана") – 3 ойын, 270 минут

Ғафуржан Сүйімбаев ("Қайрат") – 3 ойын, 261 минут (1 гол соқты)

Ян Ворговский ("Қайрат") – 1 ойын, 9 минут

Жартылай қорғаушылар:

Серікжан Мұжықов ("Астана") – 5 ойын, 435 минут

Бауыржан Исламхан ("Қайрат") – 5 ойын, 424 минут

Георгий Жуков ("Қайрат") – 4 ойын, 360 минут

Исламбек Қуат ("Қайрат") – 4 ойын, 345 минут

Бахтиёр Зайнутдинов ("Астана") – 6 ойын, 344 минут (1 гол соқты)

Максим Федин ("Тобыл") – 4 ойын, 123 минут

Еркебұлан Тұңғышбаев ("Ордабасы") – 2 ойын, 69 минут

Юрий Перцух ("Астана"/"Атырау") – 1 ойын, 17 минут

Шабуылшылар:

Роман Муртазаев ("Астана") – 6 ойын, 413 минут (1 гол соқты)

Алексей Щеткин ("Астана") – 5 ойын, 360 минут

Бауыржан Тұрысбек ("Қайрат") – 6 ойын, 226 минут (1 гол соқты)

Еркебұлан Сейдахмет ("Уфа", Ресей) – 4 ойын, 106 минут (1 гол соқты)

Оралхан Өміртаев ("Шахтер") – 1 ойын, 2 минут (1 гол соқты)

Енді бір голды Андорра қақпашысы өз қақпасына соғып алған болатын.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу