Стоилов Қазақстан құрамасына тың күш қоса бастады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қарашада өтетін «Ұлттар лигасы» аясындағы матчтарына шақыртылған футболшылар тізімі белгілі болды.

07 Қараша 2018 17:25 Автор: Маруан Түсіп
Стоилов Қазақстан құрамасына тың күш қоса бастады, футбол, футболдан Қазақстан құрамасы, Станимир Стойлов, Ұлттар лигасы
Фото: kff.kz

Еліміздің ұлттық құрамасы қарашада екі ойын өткізіп, УЕФА «Ұлттар лигасының» тырнақалды додасын тәмамдайды. Әуелі, 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвия құрамасын қабылдайды. Бұл ойын біздің уақытпен 21:00-де басталады. Ал 19 қарашада Тбилисиде Грузия футболшыларымен кездеседі.

Осы екі матчқа Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов 24 футболшы шақыртыпты. Олардың арасында жаңа ойыншылар да бар. «Тың күш қосып, ұлттық құрама сапына басқа да футболшыларды қосып отырмайсыз ба» деген сауалымызды жерге тастамаған Болгария маманы бұл жолы Ерланов пен Марочкинді шақыртыпты. Резервтегі тізіміне де жаңа футболшылар қосқан. Сонымен ұлттық құраманың сапы:

қақпашылар – Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»);

қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Сергей Малый, Евгений Постников (бәрі де – «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»);

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (бәрі де – «Қайрат»), Серікжан Мұжықов, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де – «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Максим Федин («Тобыл»);

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де – «Астана»).   

Резерв:

қақпашы – Александр Мокин («Астана»),

қорғаушы – Нұралы Әліп («Қайрат»).

жартылай қорғаушылар – Иван Антипов («Ақжайык»), Юрий Перцух («Атырау»),

шабуылшы – Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Естеріңізге сала кетейік, UEFA «Ұлттар лигасының» төрт турынан кейін Станимир Стоилов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бес ұпаймен «D» лигасының бірінші тобында екінші орында тұр.

D лигасы. 1-топ.

Қазақстан – Грузия – 0:2

Латвия – Андорра – 0:0

*  *  *

Грузия – Латвия – 1:0

Андорра – Қазақстан – 1:1

*  *  *

Латвия – Қазақстан – 1:1

Грузия – Андорра – 3:0

*  *  *

Қазақстан – Андорра – 4:0

Латвия – Грузия – 0:3

Маруан Түсіп