Тағыберген үздік гол авторы атануы мүмкін

917

Ол үшін қазақстандық жанкүйер дауыс беруі тиіс.

Тағыберген үздік гол авторы атануы мүмкін

Ұлттық құрамалар матчтар сериясын өткізген кезде әдемі голды таңдайды. Оны УЕФА ресми сайты арқылы жүзеге асырады. Еуро 2024 додасының іріктеу турнирі аясында 2 тур қатарынан өтті. Көктемгі топтамада біршама әдемі гол салынды. Алайда, УЕФА небәрі 4 голды үздік деп санап отыр. Енді осы үздік 4 голдың ішінде сауалнама жүреді. Еуропа фанаттары сайтқа кіріп, өз даусын бере алады. Соның бірі Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына 30 метрден тепкен ғаламат голы да бар. Ресми ойындардағы бұл алғашқы жағдай десек артық емес. Ұлттық құрама сапында мұндай әдемі голдар болғанымен олардың ешқайсысы, шорт-тізімге еніп, сауалнамаға түскен емес.

Мысалы, Ғафұржан Сүйімбаевтың Дания қақпасына салған голы да әдемі шыққан. Копенгагенде салынған сол гол көпшілік жанкүйерді таңқалдырды. Алайда, ол жерде қақпашының қателігі болғанын да мойындауымыз қажет. Одан кейін, Бақтиер Зайнутдиновтың алыстан тепкен голы бар. Ол Шотландия құрамасының қақпасына шірене тартып гол салған. Алайда, бұл голдың әдемілігі сәл төмендеу болды. Оның үстіне маңыздылығы да әлсіздеу еді. Ал Асхаттың соңғы матчта салған голы ойынды түбегейлі өзгертті десек болады. Оның үстіне бұл соққының траекториясы да ерекше болған. Ққапада танымал қақпашы Каспер Шмейхель тұрды. Осының барлығы әсер етпей қоймасы анық.

Енді Асхаттың бәсекелестеріне тоқталсақ. Ол ең алдымен Англия құрамасының ойыншысы Букайо Сака, Белорусь құрамасынан Морозов, Румыниядан Буркэ. Букайо Саканың Англия ойыншысы ретінде Украинаға гол салуы таңқаларлық шаруа емес. Бұл қалыпты жағдай. Айып алаңына жақындай берген тұстан тоғыздықты дәл көздеген. Белорусь құрамасының ойыншысы Морозов айып алаңының шекарасынан допты қақпашыдан асыра тастай салған. Ал тура сол матчтағы Буркэнің голы тіпті қисынсыз. Әуелете келген допқа тек аяғын қойып қалған. Сондықтан да, осы турдағы үздік голды Асхат Тағыбергеннің голы жеңуі тиіс. УЕФА ресми сайтына кіріп сауалнамаға қатысып, отандасымызға дауыс берсеңіздер болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу