Тарихи рекорд. Бублик әлемнің 26-ракеткасы атанды

1021

Кешегі Ұлыбританиядағы АТР 500 турниріндегі жеңістен кейін Александр Бублик әлемдік рейтингте бірден 22 саты жоғарылады.

Тарихи рекорд. Бублик әлемнің 26-ракеткасы атанды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті. Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанған Александр Бублик 48-ден 26-орынға көтерілді. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып табылады.

Сонымен қатар басқа да қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды. Бейбіт Жұқаев - 239, Михаил Кукушкин - 259, Денис Евсеев - 320, Дмитрий Попко 343-сатыда тұр. Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында келеді. Ал әлемнің 138-ракеткасы Тимофей Скатов Уимблдонда іріктеу турнирінде бақ сынайтын болды. Қазақстандық теннисші бүгін алғпшқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған бельгиялық Киммер Коппеянспен өткізеді.

Биылғы үшінші "Үлкен дулыға" жарысына Қазақстаннан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик қатысады. Жұптық сында Анна Данилина, Александр Недовесов және Андрей Голубев Уимблдон кортына шығады.

Жаңартылған әлемдік рейтингте әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге сырғыды. Аружан Сағындықова 1064-тен 1022-ге шығып, мыңдыққа жақындады. Жұптық сында Анна Данилина - 24, Жібек Құламбаева 197-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу