Тимофей Скатов жарыс жолынан шығып қалды

644

Өкінішке қарай Скатовқа бірінші айналымда-ақ мықты қарсылас тап болды.

Тимофей Скатов жарыс жолынан шығып қалды Фото: ktf.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 129-ракеткасы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды. "Үлкен дулыға" турниріне алғаш рет жолдама алған 22 жастағы теннисшіге бірінші айналымда-ақ мықты қарсылас тап болды. Әлемнің 13-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минормен ойнаған Скатов бірінші партияда 2:6 есебімен есе жіберсе, екіншісінде есе қайырды – 6:3. Алайда содан кейін екі сет аустралиялық спортшының еншісінде кетті – 6:1, 7:5.

Қазақстанның екінші, әлемнің 78-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 58-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік таластырды. Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Әбу-Дабиде кездесіп, онда Путинцева 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Юлия бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте Мартина 2:0 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық теннисші таразы басын теңестірді – 2:2. Тай-брейкте Тревизан сәтті ойнады – 7:6 (7:0). Үшінші, шешуші сетте италиялық теннисші 2:0 есебімен алға кеткенімен, Путинцева қатарынан төрт геймді алды – 4:2. Бірақ қарсыласы да қарап қалмады. Ақыры матч тағдыры тай-брейкте шешілді, есеп 7:6 (10:8), жеңіс италиялықтың еншісінде кетті.

Осылайша, жекелей сында АҚШ ашық чемпионатында Қазақстаннан жекелей сында Елена Рыбакина ғана қалды. Тамыздың 30-нан 31-іне қараған түні ол теннистен АҚШ ашық чемпионатындағы екінші кездесуін өткізеді. Рыбакинаның АҚШ ашық біріншілігінің екінші айналымындағы қарсыласы әлемнің 127-ші ракеткасы, аустралиялық Айла Томлянович болмақ. Матч Астана уақытымен 05:00-де басталады.

Теннисілердің жеке кездесулерінің есебіне келсек, олар екі рет - 2021 жылы Мадридтегі турнирде және 2022 жылы Уимблдонда кездескен. Екі кездесуде де 6:4, 6:0 және 4:6, 6:2, 6:3 есебімен қазақстандық теннисші жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина US Open-2023 турнирінде украиналық теннисші Марта Костюкті (WTA рейтингінде 39-шы) – 6:2, 6:1 есебімен еш қиындықсыз жеңді. Ал Рыбакинаның келесі Айла Томлянович венгриялық Панна Удвардиді (рейтингте 122-ші) есебімен ұтты 3: 6 , 6:2, 6:4.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу