banner

ТҚЖБ-ның әрбір оныншы салымшысы мемлекеттік баспананы күтіп жүріп соманы толық жинап үлгерген

2778

Мемлекеттік банктің мұндай клиенттерінің жинағы 18 млрд теңгені, ал олардың салымының мерзімі 6 жылдан 15 жылға дейінгі аралықты құраған.

ТҚЖБ-ның әрбір оныншы салымшысы мемлекеттік баспананы күтіп жүріп соманы толық жинап үлгерген

Соңғы бес жылда мемлекеттік бағдарлама бойынша "Тұрғын үй құрылыс жинақ банк" АҚ арқылы 22,38 мың пәтер сатып алынған. Оның ішінде 2,57 мың салымшыға немесе оннан бір бөлігіне пәтер алу кезінде несие қажет болмаған, олар баспананың 100% құнын жинаған. Бұл туралы abctv.kz-ке мемлекеттік банктің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Банк салымшылары арасында депозитпен мемлекеттік бағдарлама бойынша байқауға қатысатындар бар, олардың жинағына алты, 10, тіпті 15 жыл болған. Осы уақыт ішінде аздаған соманы жинақтап отырған олар баспана құнының 50 пайызын немесе тіпті 100 пайызын жинай алады. Сондықтан олар 3,5 пайыз мөлшерлемемен берілетін тұрғын үй займына үміттене алады, ал баспана құнының 100 пайызын жинаған болса, онда пәтерді толық сатып ала алады", – делінеді жауапта.

Осылайша бұл пәтерлер салымшылардың қарыз рәсімдеуінсіз сатып алынды, ТҚЖБ мұндай депозиттердің жалпы жинаған сомасы 18 млрд теңге болды деп есептеп отыр. Осы арада пәтердің толық құнын жинаған және мемлекеттік бағдарлама бойынша пулға қатысатын клиенттер үшін шаршы метрдің бағасын көтеру немесе шартты өзгерту қарастырылып жатыр ма деген сауалға жауап бергенде банк бұл сұрақ қарастырылмайтынын айтты.

"Мемлекеттік бағдарламаға және тұрғын үй жинақ құрылысы жүйесіне қатысу шарты барлығы үшін бірдей және тең. Керісінше, банк тұрғын үй құрылысы жинағының басымдықтарын пайдаланып, өз үйіне өздігінен ақша жинай алғандарды құптайды", – делінген abctv.kz-тың сұрағына берілген жауапта.

Еске салар болсақ, тап қазір банк "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға қатысуда. Бағдарламаға ТҚЖБ желісі бойынша банк салымшылары мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар қатыса алады. Олар үшін әкімдіктер арзан баспана салуда. Бұл баспаналардың бағасы кесімді және Астана, Алматы және қала маңындағы аймақтарда, сондай-ақ Атырау, Ақтау, Шымкентте 180 мың теңгені құрайды, ал қалған өңірлерле 140 мың теңге тұрады. Бағдарлама шеңберінде ТҚЖБ-дағы шотыңда тек баспана құнының 20%-ы ғана болса да жылдық 5% мөлшерлеме бойынша қарыз алуға болады.

Бұл ретте мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарты өзгерген, егер бұрын Қазақстан аумағында соңғы бес жылда меншігіңде пәтер болмау керек болған болса, қазір бұл шарт жоқ, байқауға қатыса беруге болады.

Осы уақытқа дейін негізгі байқауға қатысу үшін баспананың болмауы шарт болатын, пул толық қалыптаспаған жағдайда қосымша қабылдау жарияланып, оған баспанасы бар үміткерлер қатыса алатын. Ал қазір негізгі және қосымша байқау бойынша баспана алу шарты мен талаптары бәріне бірдей, сондықтан банк оларды бөлмейді және олардың әрқайсысы бойынша жеке статистика жинамайды.

Жалпы 2015 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 5450 пәтер сатылған, 2016 жылы 4282 пәтер, ал 2017 жылы 6600 пәтер, 2018 жылдың 5 қазанына дейін 6051 пәтер сатылған.

Егер ТҚЖБ клиенті пәтердің толық құнын жинаған болса, онда ол шаршы метрі нарықтық бағадан төмен бағада сатылатын мемлекеттік бағдарлама бойынша байқауға қатыса алады ма деген сауалға жауап берген банк басшылығы "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысу шарты айқындалғанын және Қазақстанның барлық азаматтарына жарайтынын айтты. Егер банк салымшысы ТҮҚЖБ шотында баспананың толық құнын жинап, талаптарға сәйкес келетін болса, онда ол байқауға қатысып, өз пәтерін несие рәсімдемей-ақ толық сатып ала алады.

Майра Медеубаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу