Токио Олимпиадасының чемпионы елордалық велокоманда сапында өнер көрсетеді

800

Тәжірибелі даниялық шабандоз Микаэль Мёркёв (38 жаста) 2024 жылғы маусымда Astana Qazaqstan Team намысын қорғайды.

Токио Олимпиадасының чемпионы елордалық велокоманда сапында өнер көрсетеді Фото: @SprintCycling

Микаэль - әйгілі спринтер және Марк Кавендишті қоса алғанда, көптеген атақты шабандоздармен жұмыс істеген "топты алып жүруші" шабандоз. Сондай-ақ, Микаэль Токиодағы Олимпиада чемпионы, мэдисоннан бірнеше дүркін әлем чемпионы.

"Мен 2024 жылғы маусымда Astana Qazaqstan Team сапына ауысқаныма қуаныштымын. Бұл көп даму кезеңінен өтіп жатқан команда және мен бұл жобаға қажетті уақытта келгенімді мақтан тұтамын. Әрине, бұрынғы досым Марк Кавендишпен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Біз бірге Марктың өзі үшін де, бүкіл "Астана" командасы үшін де жаңа жеңістер үшін күресе аламыз", - дейді даниялық шабандоз.

Парижде 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Төртжылдықтың баста додасында Микаэль Мёркёв те қатысады. Ол мэдисоннан сынға түседі.

"Келесі жыл Олимпиада жылы. Менде Олимпиадаға байланысты маңызды жоспарлар бар. Басты мақсат - мэдисоннан алтынға таласу. Мен командама бұл жолда қолдау көрсетуге дайын болғаны үшін қуаныштымын және алғыс айтамын. Жалпы, мен Астанаға келгеніме қуаныштымын. Команданың жаңа маусымда ең үлкен мақсаттарына жетуіне көмектесу үшін велоспорттағы барлық тәжірибеммен бөлісуге дайынмын", - деп қоса кетті Микаэль Мёркёв.

"Микаэль - нағыз кәсіпқой және біз оны заманауи пелотондағы ең жақсы топты алып жүрушілердің бірі ретінде білеміз. Оның тәжірибесі мен жарысқа деген көзқарасы баға жетпес және бұл шабандоз біздің командаға тәжірибе жастықпен ұласқан спринт тобын құру үшін қажет. Микаэль жаңа маусымда маңызды мақсаттарды көздей алатын мықты топ құратын негізгі тұлғалардың бірі бола алады деп үміттенемін", - деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу