Төлем балансы пайдаға жақындады

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
3697

2018 жылдың алғашқы тоқсанында мұнайдың қымбат болуы қазақстандық экспортты төрт есе арттырып, ағымдағы шот тапшылығын төрт есе қысқартты.

Төлем балансы пайдаға жақындады

Аbctv.kz танысып шыққан Ұлттық банктің "2018 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы қарызы" сараптамалық жазбахатында, биылғы жылдың қаңтар-маусым айының қорытындысы бойынша елдің төлем балансының жағдайы болжанғаннан айтарлықтай асып түсті. Ағымдағы шот операцияларының тапшылығы бір жыл бұрынғыға қарағанда төрт есе қысқарып, 0,7 млрд доллар болды, деп жазылған.

Санкциялардың пайдасы
Бұдан бұрын, тамыз айының басында Ұлттық банк ағымдағы шот операциялары екі есе, 1,4 млрд долларға дейін төмендеуі мүмкін деп болжаған болатын. Мемлекеттің экономикалық қызметіндегі жағымды "кем есептеуге" мұнай бағасының жоғары болуы көмектесті. Осы кезең қорытындысы бойынша мұнайдың орташа құны бір баррель үшін 70,7 доллар болды, бұл былтырғыға (бір баррелі 52,2 доллар) қарағанда үш есе (35,5%) көп.

Осының нәтижесінде экспорттық түсім төрт есе артып, 29,4 млрд долларға дейін жетті, бұл осы кезеңде 8,7%-ға өсіп, 16,4 млрд долларға жеткен импорттан екі асып кетті. Экспорт қарқынының үш есе өсуіне сауда балансында оң сальдоның 13,1 млрд долларға дейін артып, яғни 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығы қорытындысынан (8,5 млрд доллар)1,5 есе көп болуы себеп болды.

Экспорттың қарқындауы – энергия тасымалдаушылардың баға жағдаятының жақсартуынан макроэкономикалық жағдайлардың салдары екенін атап кету керек. Қазақстандық мұнай мен газ конденсатының құны нақты жеткізу көлемі шамалы ғана өскен болса да, жартыжылда былтырғыға қарағанда 37,6%-ға артты.

Қара және түсті металдардың экспорты былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңі деңгейінде қалды, ал сыртқа астық тасымалдау 1,6 есе өсті. Негізгі тауарлық жағдаяттың барлық тобы бойынша импорттың өскені байқалды.

Халықаралық қызмет көрсету балансының сальдосы тағы да ұлттық экономикаға пайдалы бола қойған жоқ. Баланс тапшылығы 2017 жылдың алты айының қорытындысына қарағанда 6,6%-ға төмендегенімен, 1,9 млрд доллар болды. Қызмет көрсету экспортының нақты саны 3,3 млрд доллар, ал импорт 5,2 млрд долларды құрады.

Резидент еместердің Қазақстанға сапарлау шығыстары, сондай-ақ отандық тасымалдаушылардың кірісінің өсуі экспорттың өсімін қамтамасыз етті. Отандық көлік компанияларының еліміздің аумағы арқылы резидент еместерге мұнай мен газ құбыр желісі транзиті бойынша ақшалай қызмет көрсету көлемінің төмендегенін (2,4%-ға) атап кеткен жөн. Мұндай қызметтер қызмет көрсету экспортындағы ең көп үлесті құрайды және алғашқы жарты жылдық қорытындысы бойынша 1,1 млрд доллар болған.

Халықаралық қызмет көрсету импорты 5,2 млрд долларға дейін өскен. Халықаралық қызметті негізгі тұтынушылар – бірлескен және шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар. Өткен жарты жылдықта импорт құрылымындағы қызмет көрсету импортының жалпы көлемінің 44,8%-ын құрайтын және негізінен резидент еместердің Қазақстан аумағында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруымен байланысты "басқа да іскерлік қызмет көрсетуге" арналған шығыстары өскен.

Жергілікті компаниялардың резидент еместердің көлік қызметі мен шетелге баруын төлеу шығыстарының өскені жеке көрсетілген, халықаралық транзиттік дәліз учаскелерін қамтитын бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба құрылысының аяқталуы резидент еместер тарапынан құрылыс қызметі шығысын 55,5%-ға қысқартты.

Соңғы бірнеше жылдағы тікелей шетелдік иневстициялардан түсетін инвестициялық табыстың жылыстауы күшейіп, кірістер балансының тапшылығын арттыра түсті. Экспорттың өсуі шетелдік инвесторлардың тікелей инвестициялардан түсетін кірісін 29,5%-ға, 11 млрд долларға дейін өсірді.

Биылғы жылдың қаңтар-маусымында экономикадан алынған резидент еместердің инвестициялық кірісі (дивиденттер және бөлінген табыс ретінде) 27,2%-ға өсіп, 12,4 млрд долларды құрады.

Кіріс балансының кері сальдосы шетелдік тікелей инвесторлардың кірісінің есебінен 28,3%-ға артып, 11,9 млрд долларға жетті.

Қаржылық шот балансты тапты
Алдын ала мәлімет бойынша, қаржылық шот (Ұлттық банктің резервтік активтері операцияларын қоспағанда) 12 млн доллар оң сальдо болып, теңдестірілген болады деп болжанған еді. Алайда іс жүзінде қаржылық шоттың оң сальдосы 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында бір жыл бұрынғы 2,6 млрд доллар тапшылыққа қарағанда 1,3 млрд долларға дейін өсіп кетті.

Шетелдік инвесторлардың міндеттемесінің (0,8 млрд доллар) төмендеуімен байланысты капиталдың таза жылыстауы шетелдік активтердің адекватты қысқаруымен (3,4 млрд доллар) өтелмеді, ал міндеттемелердің төмендеуі активтердің қысқаруынан үш есе асып кетті.

Тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда 1,3 есе өсіп, 4,2 млрд доллар болды. Бұл болжанған көрсеткіштен 4,8 млрд долларға төмен.

Ақша ағынының негізгі көзі – шетелдік компаниялардың қазақстандық кәсіпорындар алдындағы өз міндеттемелерін өтеуден болды. Сонымен қатар осы кезеңге тән нәрсе - резидент еместердің қазақстандық кәсіпорындар пайдасына ірі дивиденттер төлеуі және резиденттердің шетелдік инвесторларға дивидент төлеуі. Мұндай операциялар төлем балансында тікелей инвестициялар бойынша капиталды алу ретінде көрініс табады.

Елдер бойынша шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы ағыны құрылымында  Нидерланды (жалпы түсімнен 30,6%), АҚШ (22,7%), Швейцария (10,3%), Ресей (6,7%), Бельгия (6,5%), Қытай (6,3%), Франция (3,5%), Ұлыбритания (2,4%) және Корей Республикасы (1,9%) басым болып отыр.

Биылғы жылдың басында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның өз акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды сатып алуы, сондай-ақ резиденттердің қайталама нарықта қаржы министрлігінің облигацияларын сатып алуы есебінен, қоржындық инвестициялар бойынша таза капитал ағыны 2,6 млрд доллар болған. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның 3,3 млрд долларға еурооблигациялар шығаруы олардың осының алдында шығарған еурооблигацияларын жабумен бейтараптандырылды.

Резервтік активтер (Ұлттық қордың активтерінің қатысуынсыз) 1 млрд долларға азайып, 30,1 млрд доллар деп бағаланды. Төмендеуге екінші деңгейлі банктердің операциялар бойынша валюталық айырбасты айтарлықтай өтеуі себеп болған. Сонымен қатар бағаның өсуінен монетарлық алтын құнының және оны қазақстандық өндірушілерден сатып алу салдарынан оның көлемінің өсуі, халықаралық резервтердің төмендеуінің орнын толтырды. 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша халықаралық резервтер қазақстандық тауарлар мен қызметтер импортының алты жылын қаржыландыруды қамтамасыз ете алатын еді.

Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу