banner

Үкімет фрилансерлерге жаппай айыппұл салмақшы

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2660

14 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндерді зейнетақы жарнасын жасауды міндеттеген министрлер оны қалай есептеп, төлеу керек екенін айтпай отыр.

Үкімет фрилансерлерге жаппай айыппұл салмақшы

Фрилансерлерге БЖЗҚ-ға табысынан міндетті аударым жасату арқылы зейнетақы жүйесіне қосымша ақша тарту оңай болайын деп тұрған жоқ. Үкімет міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) үшін базаны қалай есептеу керектігін ашып айтпай отыр, бірақ Салық кодексіне жауапкершілік түріндегі ескерту мен айыппұлды енгізіп қойған. Бұл қосымша дүйсенбі, 14 шілде күні күшіне енеді. Алайда "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ға МЗЖ-ны қалай есептеп төлеу керектігі әлі күнге дейін белгісіз. Еңбек және әлеуметтік қатынастар министрлігі мен мемлекеттік кіріс комитеті де үнсіз отыр.

Еске сала кетер болсақ, 5 шілде күні Uchet.kz азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар бұдан былай БЖЗҚ-ға МЗЖ жасау керектігін хабарлаған болатын. Норманың аяқ-астынан пайда болуы мен шенеуніктер тарапынан нақты түсініктеменің болмауы бұл бастаманың асығыс жасалғанын көрсетеді.

Нақты нәтижесі айқындалмаған бастама

Заңанамаға енгізілген өзгеріс "келісімшартпен жұмыс істейтіндерге" ақша аударудың ыңғайлы жолын ұсынудың техникалық дайындығынан бұрын жасалып қойғаны қазірдің өзінде белгілі. Енді зейнетақы жарналарын аударуға арналған салық салатын база қалай есептелетініне қатысты құқықтық норма әлі күнге нақты саны айтылмай отырған АҚШ келісімшарты бойынша жұмыс істейтіндерді сергелдеңге салуы мүмкін.

2 шілде күні "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңға енгізілген өзгерту фрилансерлерге 10% мөлшерінде МЗЖ жасауды міндеттейді. Болжамдардың нақты еместігін сылтауратқан қор өкілдері зейнетақы жарнасы БЖЗҚ-ға қосымша қалай түсетіні жайлы түсініктеме бермеді.

Бұрын заң бойынша мұндай адамдардың зейнетақы жарнасын төлеу, төлемеуге таңдау құқығы берілетін. Фрилансерлер ай сайын банкке барып жарна аударып жүрмегендіктен, зейнетақы қорына ақша түспей қалды. Фрилансерлердің жартысы ақша үнемдеу үшін жарна аудармаса, жартысының мойны жар бермеген.

Әйткенмен еріктіні міндеттіге өзгерткен заң төлем жасау механизмінде көп нәрсені өзгертпейді. Жаңартылған заң фрилансер БЖЗҚ-ға жарнаны өздігінен төлеуге тиіс екенін нақтылап отыр.

Әкімшілендіру мәселесі шешілмей отыр

Жарна аударудың егжей-тегжейлі тәртібін үкімет бекіткен Жарналарды аударудың ережесімен реттеледі. Ережеге сәйкес, жеке кәсіпкерлер және оған қатыстылар, яғни заңгерлер, нотариустар, сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ-ға өз еркімен әр айдың 25-нен кешіктірмей өз пайдасы үшін жарна төлеп отыруға тиіс.

Ал АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін ереже әлі нақтыланып жатыр. Жаңартылған заңның орындалу сапасы ондағы өзгерістердің қандай болатынына тәуелді болады.

Жарналарды төлеу мерзімін бекіту – фрилансер қорға жарнаны қалай уақытылы аударуы мүмкін деген маңызды сұрақты туындатады. Орындаушымен АҚС келісімшартын жасаған ұйымның бухгалтериясы зейнетақы жарнасын аудару міндетін өз мойнына алмайды, ол тек табыс, әлеуметтік салық және медициналық сақтандыру қорына аударым жасайды.

Фрилансерлердің зейнетақы жарнасын аударудың ерекше орталықтандырылған тәсілі ауадай қажет. Ол адам жарна аударуды ұмытып кеткенде немесе төлемді уақытында жасауға үлгермей сияқты қолайсыз жағдайлардың алдын алады. Сондай-ақ алдағы уақытта ұмытып кету деген болмайды, өйткені төлем жасамау қайталанған жағдайда төлемеген адамға айыппұл салынады, ал бұл 10 АЕК және өсімақы тағы бар.

Орталықтандырылған тәсіл қоғамдық келеңсіздікті болдырмаудың ыңғайлы жолы екені бейсенбі, 12 шілде күні БЖЗҚ-ның баспасөз-брифингінде айтылды. Аbctv.kz –тың жарна төлем жасау көзі, сондай-ақ уақытылы төлемеу тәуекелін айтарлықтай қысқартатын, яғни АҚС келісімшартының басқа тарапы-жұмыс берушіден алу мәселесі шешіле ме деген сауалына БЖЗҚ басқармасының төрағасы Сәуле Егеубаева "қор ішінде бұл мәселе талқыланғанын" айтты. Алдағы уақытта еңбек министрлігіне егер АҚС келісімшартының бір тарапы заңды тұлға болатын болса, онда төлемді сол жасайтыны туралы ұсыныспен шығу жоспары бар екенін айтты.

Алайда егер АҚС келісімшарты жеке тұлғамен жасалса, онда орындаушы зейнетақыны өз жасауға тиіс болады. Жарнаны банк шотынан аударым жасау арқылы өздігінен жасай алады. Ал банктік шот болмаған жағдайда фрилансер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының шотына кез келген банктен қолма қол ақшамен аудара алады.

Аударым қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз жасалса да төлеуші банктік аударымның шығынын өзі көтеретіні анық. БЖЗҚ аударымының құны бойынша банктерге шарт қоя алмайды. Банктің ақша аудару транзакциясының құны 500 теңгеден 3,5 мың теңгеге дейінгі арада болатынын, ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 2 млн адам екенін ескерсек, банк балансы ай сайын 6 млрд теңгеге толығады, ал бір жылда ол 72 млрд теңге болатын. Бұл банк үшін қаржы шығармай қомақты табыс табу деген сөз.

Есеп неден басталады және кім тексермек?

Сонымен бірге әртүрлі ақша әмияндары арқылы электронды ақшамен есеп айырысу, зейнетақы жарнасын аударудың дұрыстығын бақылау үшін мұндай төлемдердің саны мен көлеміне кім, қалай мониторинг жүргізетіні де әлі де айқындалмаған. АҚС келісішарты бойынша жеке тұлғаларға зейнетақы жарнасын есептеу – бұдан да маңызды мәселе болып отыр.

Мысалы, жеке кәсіпкерлер өз табысын яғни зейнетақы жарнасы төленетін кіріс, яғни ақша көлемін өздігінен белгілейді. АҚС келісімшартының форматы салықты айналымдағы ақшадан төлеуді болжап отыр, өйткені келісімшартта шарт сомасы көрсетілген. Басқаша айтар болсақ, фрилансерлерге зейнетақы жарнасын төлеуді міндеттейтін ережені енгізген үкімет салық төлеу үшін кіріс базасын фрилансерлердің өзі белгілейтін ережені бұрынғыша қалдырған.

Жаңа ережелердің шығу мерзімі белгісіз. Есесіне, АҚС келісімшарты бойынша жұмыс істейтін барлық тұлғалар 14 шілдеден бастап БЖЗҚ-ға жарна төлеуге тиіс. Қанша екені белгісіз. Осы орайда, осы түзетулерге арналған салық салынатын базаны анықтайтын құжат мәселесі кешеуілдеп жатқанда, зейнетақы заңнамасына шұғыл түзету енгізу не үшін қажет болғаны түсініксіз.

Бірнеше компанияның бухгалтерлерінің abctv.kz-ке айтқанына сүйенер болсақ, салық қызметінде бұл мәселеге қатысты нақты түсінік те, ай соңында БЖЗҚ-ға қанша ақша төлеу керектігі туралы нақты жауапта жоқ.

Жарналарды аударудың қазіргі ережесі табысты өз бетінше белгілеу, салық төлеушінің салық салынатын табысты төмендету қаупі бар екенін көрсетеді. Осы арада мүдделер қақтығысы орын алуда, себебі мемлекет зейнетақы қорына көп ақша жинағысы келеді, ал бұл келісімшарт сомасынан пайыз алу дегенді білдіреді. Жақын арада министрлер кабинеті АҚС келісімшарты бойынша салық жинауды арттырып, салықтың басқа түрлері мен жарналар үшін салық салынатын база ретінде көруі мүмкін.

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу