Ұлттық банк ағымдағы шот тапшылығы болатынын болжап отыр

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
3723

Мұнай-газ кешеніндегі ірі инфрақұрылымдық құрылыс пен мұнайға арналған бағаның төмен болуы төлем балансын нашарлатады.

Ұлттық банк ағымдағы шот тапшылығы болатынын болжап отыр

Ұлттық банк 2018 жылдың қорытындысы бойынша төлем балансының ағымдағы шотының  ЖІӨ-ге қатысты тапшылығының 2,3%-ға дейін қысқаруы және 2019 жылы мұнай бағасының орташа жылдық бағасының төмен болуынан шот тапшылығының 3,8%-ға дейін артуы есебінен төлем балансының ағымдағы шотының  жағдайы жақсарады деп мәлімдеді.

Тамыз айының басында Ұлттық банк жариялаған "2018 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы төлем балансын алдын ала бағалау туралы" хабарламасында ағымдағы шот тапшылығы 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есе (1,4 млрд долларға дейін) қысқарғаны туралы жазылған болатын.

Еске салар болсақ, Қазақстанда ағымдағы шоттың сальдосы сауда балансы мен кірістер балансының серпінімен айқындалады. Монетарлық билік 2018 жылы тауарлардың экспорты қарқынды өсіп, сауда балансының жағымды сальдосын арттыруға себеп болады деп отыр.

Алайда 2019 жылы жағдай жақсы болмайды, оған мұнай бағасының төмен болуы (болжам, бір баррель 60 доллар) мен мұнай-газ саласында ірі инфрақұрлымдық жобаларды іске асыру үшін тауар импорты көлемін арттыру сауда пайдасын 24 млрд доллардан 19,8 млрд долларға дейін төмендетуге әкелетіні себеп болады.

Сауда экспорты бойынша ағымдағы шоттың басты компоненті – мұнай мен газ конденсатын өндіру 2019 жылы қазіргі 91 млн тонна деңгейден 93 млн теңгеге дейін артады деп күтілуде.

"Әлемдік сауда нарықтарында қолайлы баға жағдайы сақталады және Қазақстанның негізгі экспорттық нарықтарында экономика тұрақты өседі деп болжанып отыр. 2018 жылы тауарларды экспорттау өсіп, 37,4% болады. 2019 жылы мұнай бағасы бір баррель үшін 60 долларға түсетін болса, экспорт 1,1%-ға қысқаруы мүмкін деп болжанып отыр", – деп көрсетілген Ұлттық банк құжатында.

Экспорттың қарқыны төмендейтін болса, импорт барлық болжанған уақытта өсетін болады. Ішкі сұраныс артады деген болжам тауар импортын 2018 жылы 8%-ға, 2019 жылы 10%-ға арттыруға көмектеседі. Тұтыну импорты импорттың ең басты бөлігі болады.

"Тұтыну импортындағы өзгеріс айырбас бағамының құбылмалығымен, тұтынушылық несие беру қарқынымен түсіндіріліп отыр. Бұл ретте аралық және инвестициялық импорттың айырбас бағамына тәуелді болуы біршама төмен. Бұл мұнай-газ саласының инвестициялық жобалары үшін әкелінетін тауарлардың едәуір үлесімен байланысты. Мұндай жобаларды іске асыру айырбас бағамына байланысты болмайды", – деп болжайды Ұлттық банк.

Инвестициядан, еңбекақы мен өтеусіз трансферттерден түсетін кіріс ағынын көрсететін кіріс теңгерімі жайлы айтар болсақ, реттеуші оның тапшылығы артады деп болжап отыр. Қазақстан экономикасының шикізат секторындағы мұнай бағасының тұрақтануы және мұнайды өндірудің өсуімен қамтамасыз етілетін шетелдік инвесторлардың кірісінің өсуі отандық экономика субъектілерінің кірісінен асып кетеді. Шетелдік инвесторларға төленуі тиіс кірістердің өсуі ағымдағы шоттың жақсаруын ұстап тұрады және экономикалық өсуді қолдау үшін ішкі жинақтың жеткіліксіз екенін көрсетеді.

Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу