Ұлттық компаниялардың тоқсандық пайдасы үш есе ұлғайды

Алайда қаражаттың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттен сытылып кетті.

Ұлттық компаниялардың тоқсандық пайдасы үш есе ұлғайды

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті 2018 жылдың I тоқсанында Қазақстандағы ұлттық компаниялардың таза пайдасы 362,2 млрд теңге болғанын есептеп берді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен үш есе артық, ол кезде квазимемлекеттік сектор тек 122,5 млрд теңге ғана пайда көрген еді.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне сенер болсақ, ұлттық компаниялардың тоқсандық кірісі 9,5%-ға, 208,6 млрд теңгеге дейін өскен өзіндік құнмен салыстырғанда 12%-ға көбейіп, 271,8 млрд теңге жеткен. Алайда табыстылықтың өсуіне қайдан келгені белгісіз басқа кірістер себеп болған.  

Бұл бап бойынша түскен түсім 2017 жылмен салыстырғанда 2,7 есе өсіп, 388,5 млрд теңгені құраған. Бұл тиісінше 32,3 млрд және 87,8 млрд теңгеге дейін өскен әкімшілік және қаржыландыру шығынының өсуін жойды.

Салық салғанға дейінгі кіріс 2,8 есе өсіп, 327,4 млрд теңгеге жеткен, корпоративтік табыс салығы  былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тек 12%-ға немесе 10,2 млрд теңгеге ғана көбейген. Осылайша квазимемлекеттік сектордың таза пайдасы 2017 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда үш есе шарықтап, 362,2 млрд теңге болды деп көрсетілген ҰЭМ статистикасында.

Сондай-ақ мемлекеттік компаниялардың 2,5 есе, 105,8%-ға өскен табыстылығы да көңіл қуантады. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл Қазақстанның ірі және орта компанияларының былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі табыстылығына қарағанда үш есе көп. Егер 2018 жылдың  I тоқсанында Ұлттық банк жүргізген сауалнамаға сенер болсақ, бұл тіпті тау-кен-өндіру өнеркәсібіндегі сату табыстылығынан 2,8 есе көп.

Биылғы жылдың I тоқсанының соңына қарай ұлттық компаниялардың міндеттері 6,87 трлн теңгені құраған немесе 30,3%-ға өскен. Олардың құрылымында негізгі өсім "басқа займдар" (22,6%-ға немесе 825,5 млрд теңге) мен "басқа несиелік борышкерлік" (+38,7% немесе 456 млрд теңге) бойынша байқалып отыр. Еліміздің ірі және орташа компанияларының қарыз құрылымында ұлттық компаниялардың үлесі 15,9%-дан аспайды.

Гүлназ Ермағанбетова, Индира Жатпесова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу