Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

1418

Ол өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды Фото: IBA

Асланбек бірден жекпе-жек тізгінін қолына алды. Өзбекстандық боксшының мұрны да қанады. Бірінші раунд есебі – 5:0. Екінші кезеңде таразы басы Джафаровқа ауды – 3:2. 

Қорытынды есеп – 5:0. Асланбек чемпион!

Енді Қазақстаннан шығатын бір боксшы қалды. 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен алтын жүлдені сарапқа салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу