Ұлттық құрама ойыншылары батыр балалармен кездесті

760

Әртүрлі өмірлік ситуацияларда батырлық көрсеткен балалар елордаға жиналды. 

Ұлттық құрама ойыншылары батыр балалармен кездесті

Қазақстан ұлттық құрамасының және "Астана" футбол клубының ойыншылары Исламбек Қуат пен Михаил Габышев төтенше жағдай кезінде батыл шешім қабылдап, достары мен жақындарының өмірін құтқарып қалған батыр балалармен жүздесті. 

Қаһарман балалардың батылдығының арқасында елімізде 9 адамның өмірі құтқарылды. Біздің мақтаныштарымыз Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының 8 және 16 жас аралығындағы балалар. 

Елордада өткен марапаттау рәсіміне 11 қазақстандық оқушы мен олардың ата-аналары шақырылған. Салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев пен ҚР Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Д.Қыдырәлі қатысты. Іс-шараға қатысқан балалар елорданың мәдени және спорт нысандарын тамашалап, өмірде үлгі тұтар тұлғаларымен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу