Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық олимпиада күнін өткізеді

941

23 маусымда Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен бүкіл әлемде Халықаралық Олимпиада күні атап өтіледі. 

Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық олимпиада күнін өткізеді Фото: olympic.kz

1948 жылы 42 сессия кезінде Халықаралық Олимпиада комитеті Санкт-Морицеде жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күнін атап өту туралы шешім қабылдады. Бұл күн ХОК-тың құрылған күнін - 1894 жылғы 23 маусымды тарихта мәңгілікке қалдыру үшін таңдап алынды. Ал оған бастамашы болған, олимпиадалық қозғалыстың қайта жандандыру идеясының жанашыры барон Пьер де Кубертен Халықаралық атлетикалық конгресс алдында сөз сөйлеп, өзінің тарихи баяндамасын ұсынды, деп inbusiness.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті - әлемдік акцияның белсенді қатысушысы. Қазақстанда олимпиадалық қозғалысты ілгерілету және халық арасында спорттың танымалдылығын арттыру мақсатында Олимпиада күнін мерекелеу 30 жыл бойы өткізіліп келеді.

Бұл мереке, олимпиадалық қозғалыстың өзі сияқты, барлық шектеулер мен шекараларды жойып, күллі адамзатты біріктіреді. Ал олимпиадалық қозғалыстың басты құндылығы - адам, негізгі принциптері – достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық.

Бүгінде Олимпиада ойындарының жеңімпазы, ең болмағанда оның қатысушысы болуды армандамайтын спортшы жоқ шығар. Себебі олимпиада чемпиондары - кез-келген елдің мақтанышы, бетке ұстар азаматтары. Олимпиадалық қозғалыстың мақсаттарына келер болсақ, олардың бірі - жастарды өзара түсіністік рухын нығайтатын спорт арқылы тәрбиелеу.

Тарихи күнге орай елордадағы Триатлон саябағында Олимпиада чемпиондары мен спорт түрлері бойынша жүлдегерлердің шеберлік сабақтарымен, каратэ мен таеквондодан көрме ойындарымен үлкен спорт мерекесі өтеді. Жас спортшылар мен көрермендер эстафеталарға, түрлі жарыстар мен байқауларға қатысып, ҚР ҰОК-тан естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар алады.  

Олимпиада күнін ұйымдастыруда ҚР ҰОК серіктестері "Туризм және спорт саласын қолдау қоры" мен "Тойота Мотор Қазақстан" болады.
 
Сонымен қатар, дәстүр бойынша ҚР ҰОК мен спортшылар жыл сайын "Олимпиада күнінде дүние есігін ашқан" акциясын өткізіп, бүкіл Қазақстан бойынша аналар мен жаңа туған нәрестелерге естелік сыйлықтар табыстайды. Ондағы ой - анасы мен баласына қуаныш сыйлау. Олимпиада күнінде туылғандар келешекте өз елінің бетке ұстар азаматтары болар не болашақ Олимпиада чемпиондары ретінде тарихта қалар, кім біледі?!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу