"Ұлы дала елі" бренді жарнамалық мақсатта қолданылады

4662

"Атамекен" ұйымдастырған байқауда экспортқа бағдарланған компаниялар топ жарды. 

"Ұлы дала елі" бренді жарнамалық мақсатта қолданылады

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған "Ұлы дала елі" байқауының қорытындысы жарияланды. 

Байқауға ең кемі 3 жыл кәсіпкерлікпен айналысып  жүрген бизнес субъектілері қатысты. Көмбеден көрінгендерге "Ұлы дала елі" ортақ брендін таяу және алыс шетелдерде жарнамалық мақсатта қолдану құқығы берілді.

Айта кетейік, байқау жыл сайын екінші жартыжылдықта жарияланады. Ал жеңімпаздар төртінші тоқсанда марапатталады. Үміткерлер құжаттарын Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өткізеді. Іріктеуден өткен 6 үміткерлер қоғамдық дауыс беруге қатысады. Қорытындысында көп дауыс жинаған 3 жеңімпаз анықталады. 
Биылғы байқауға Digital System Servis ЖШС, "Премиум Ойл Транс" ЖШС, "ПО Глобал - Спецодежда" ЖШС, "Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты" АҚ,  "Ново-Альджанский мелькомбинат" ЖШС, "Цин-Каз" ЖШС, "ҚазМырыш" ЖШС,  GOOD  LOOK сауда үйі,  "Абай Дәулет" ЖШС, "Алтын Орда" ЖШС сынды 
экспортқа бағдарланған компаниялар бақ сынады. Нәтижесінде Қызылорда облысының "Абай Даулет" ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласының "Премиум Ойл Транс" ЖШС және Жамбыл облысының GOOD  LOOK сауда үйі "Ұлы дала елі" байқауының жеңімпазы атанды. 

Айта кетейік, "Ұлы дала елі" тауар белгісін пайдалану құқығы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына бекітілген. Бұл туралы куәлік Қазақстан Ресупбликасының тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген. 

Байқау 2016 жылдан бері жыл сайын өткізіледі. Байқаудың алғашқы жылында "Кентау трансформатор зауыты" АҚ (Түркістан облысы), "Қайнар-АКБ" ЖШС (Алматы облысы), "Рахат" АҚ (Алматы қаласы);  2017 жылы –  "MKS Logistics" ЖШС (Маңғыстау облысы), "Қазфосфат" ЖШС (Жамбыл облысы),  "Ново-Альджанский мельком" ЖШС (Ақтөбе облысы); 2018 жылы – "ПИК "ASTANA Ютария ltd" ЖШС (Нұр-Сұлтан қаласы), "КНАУФ ГИПС КАПШАҒАЙ" ЖШС (Алматы облысы),  "Орал трансформатор зауыты" ЖШС (Орал қаласы),  "МИЛХ" ЖШС (Қостанай облысы) жеңімпаз болған. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу