WTA финалдық турнирі жайлы не білеміз?

2775

Тарихта алғаш рет қазақстандық теннисші WTA финалдық турнирінде жекелей сында өнер көрсетеді. 

WTA финалдық турнирі жайлы не білеміз? Фото: WTA

 

 

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өткен айда маусымның соңындағы ең маңызды оқиғаға жолдама алды. WTA күнтізбесі бойынша биылғы маусымның финалдық жарысы 29 қазан мен 5 қараша аралығында Мексиканың Канкун қаласында жабық корттарда өтеді. Қатысушылар ең көп рейтингтік ұпай жинаған 2023 жылдың үздік сегіз теннисшісі болмақ: Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швентек (Польша), Коко Гауфф (АҚШ), Елена Рыбакина (Қазақстан), Джессика Пегула (АҚШ), Маркета Вондроушова (Чехия), Онс Жабер (Тунис) және Каролина Мухова (Чехия).

Сонымен қатар, Канкуеде жұптық сайыс бойынша әлемнің үздік теннисшілері арасында турнир өтеді. 16 теннисшіден тұратын сегіз жұп, оның ішінде америкалықтар Гауфф пен Пегула жекелей және жұптық сында да өнер көрсетеді. Бұл 52-ші WTA финалдық жарысы болады және бұрын-соңды Қазақстан өкілдері мұндай деңгейге жеткен емес. Бұл жай ғана мәртебе емес. Сонымен қатар рейтингтік ұпайлар мен қомақты ақшалай сыйлық алу үшін жақсы мүмкіндік.

Аталмыш турнир тарихта тек екінші рет Мексикада, алғаш рет Канкунда ұйымдастырылуда. Екі жыл бұрын финалдық чемпионатты Мексиканың тағы бір қаласы – Гвадалахара қабылдады. Турнирдің қазіргі чемпионы – бір жылдан кейін Канкунға жолдама ала алмаған франциялық Каролин Гарсия.

Әлемнің ең үздік сегіз теннисшісі төрт қатысушыдан екі топқа бөлінеді. Рыбакина өз тобындағы әр қарсыласпен айналымдық жүйеде ойнауы керек. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша әр топтан екі үздік теннисші жартылай финалға жолдама алады. А тобынан үздік шыққан В тобының екінші орын иеленген теннисшісімен, ал В тобынан үздік шыққан А тобының екінші екінші орын иеленген теннисшісімен ойнайды. Жартылай финалдық кездесулердің жеңімпаздары финалда чемпион атағын сарапқа салады.

Рыбакина Канкунға жолдама алған басқа теннисшілерге қарсы барлығы 23 кездесу өткізді. Ол он кездесуде жеңіске жетсе, 13-де жеңіліс тапқан. Елена Швентекпен кездесулерде ғана оң нәтиже көрсеткен (3:1). Чехиялық Вондроушева мен Муховамен тең (1:1) ойнаса, Соболенкоға (2:4), Гауффқа (0:1), Пегулаға (1:2) және Жаберге (2:3) жеке кездесулер нәтижесі бойынша жеңілген.

Биылғы жарыстың жүлде қоры бес миллион АҚШ долларын (2,38 миллиард теңге) құрайды. Рейтинг ұпайларына келетін болсақ, топта жеңген әрбір кездесу үшін теннисші 250 ұпай жинай алады. Жеңілген спортшы тек 125 ұпай еншілейді. Жартылай финалда жеңіске жеткені үшін тағы 330 ұпай, ал турнирде жеңіске жеткені үшін  теннисшілер 750 ұпай иеленеді. Бұдан бөлек жеңімпаз 1,24 миллион доллар (800,32 миллион теңге) сыйақы алады. Егер теннисші осы турнирде бес кездесуде де жеңіске жеткен болса, онда сыйақы мен рейтингтік ұпай да бірден жоғарылайды. Мұндай жағдайда чемпион 1500 ұпай мен 1,68 млн долларға ие болады.

Айта кетейік, бұл Рыбакинаның биылғы WTA аясында өткізетін соңғы турнирі болмақ. Алайда турнир аяқталысымен, ол Қазақстан құрамасы сапында Билли Джин Кинг кубогының яғни командалық Әлем чемпионатының финалында де өнер көрсетеді. Турнир 7-12 қараша аралығында Испанияның Севилья қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу