Зарина Дияс кортқа қайта оралады

868

Зарина соңғы бір жарым жылда екі матч қана өткізді

Зарина Дияс кортқа қайта оралады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 29 жастағы Дияс соңғы жыл жарымда екі матч қана өткізді. Australian Open-2022 додасында алғашқы айналымда отандасы Елена Рыбакина есе жіберді. Ал өткен жылы Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында ұтылып қалды. Ұзаққа созылған жарақатына байланысты әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы кортқа орала алмай жүрген болатын.

"Достар, бәріңізге сәлем! Мен әлі қалпыма келіп жатырмын. Көгалдағы маусымда ораламын ба деп едім, өкінішке қарай, қалпыма келуге көп уақыт кетті. Бәріңізге мәлім, мен иығымнан жарақат алғанмын. Бәрі ойдағыдай жүріп жатыр, хард төсенішінде АҚШ-та өтетін жарыстарға (шілденің аяғы) қосыламын ба деп отырмын", - деп жазды Зарина Instagram парақшасында.

Өкінішке орай Зарина бірер күннен соң басталатын "Уимблдон" турниріне қатыса алмайды. "Үлкен дулыға" турнирінде Қазақстан атынан жекелей жарыста тек 3 теннисші – Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик өнер көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу