banner

Жер қойнауын пайдаланушыларды күзгі аламан күтіп тұр

3906

Жер қойнауы туралы кодекс пен оның заңға тәуелді актілеріне түзетулер енгізу үшін жұмыс тобы құрылады.

Жер қойнауын пайдаланушыларды күзгі аламан күтіп тұр

Жер қойнауы туралы кодекс шеңберінде аустралиялық қағида бойынша өтінішті тек 15 қыркүйектен бастап қана беруге болады. Бұл туралы Астанада өткен 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресіндегі тақырыптық сессиядан кейін инвестиция және даму министрлігінің (ИДМ) вице-министрі Тимур Тоқтабаев abctv.kz-ке берген пікірінде атап кетті.

"Бірінші келген – бірінші алады" қағидасы бойынша алғашқы өтініштерді 15 қыркүйектен бастап беруге болады. Қазір қағаз түрінде, дегенмен Қазақстанның цифрландыру бағдарламасы негізінде ұлттық мәліметтер базасын (геологиялық- Ред.) жасауды жоспарлап отырмыз.  Бұл биылғы жылдың соңында пилоттық режимде жұмыс істей бастайды. Жалпы оны толықтыру екі жылға есептелген", – деп нақтылады ИДМ өкілі.

Еске салар болсақ, жер қойнауы туралы кодекске президент желтоқсан айының соңында қол қойған, заң 29 маусымнан бастап күшіне енеді. Осы уақытқа дейін барлық қажетті заңға тәуелді актілер дайын болады деп уәде етті салалық ведомство.

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуын реттеу мен кеніштерді тарату туралы сөз еткен Тимур Тоқтабаев бұл салалардағы операторларды құру мүмкіндігі туралы шешім жақын арада қабылданатынын айтты. Кодекс барысында жер қойнауын пайдаланудың қолда бар келісімшарттарын лицензияға көшіру бойынша жұмыс істейтін республикалық комиссия әлі құрылмаған. Оны ұйымдастыру үшін әділет министрлігінде нормативтік-құқықтық акт тіркеліп жатыр, ол жақында жарияланады. Осыдан кейін комиссия құрамы белгіленіп, оның жұмыс жоспары бекітіледі деп толықтырды вице-министр.

"Ешқандай операторлар (жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы және кеніштерді тарату бойынша- Ред.) жоқ, жобаланып та отырған жоқ. Кодексте оператор деп көрсетіліп отырған  бұл тек есепке алу-есептеу операцияларын жүргізіп, оперцияларды басқарып, жер қойнауын пайдалануышының атынан басқа мердігерлерді жалдайтын жер қойнауын пайдаланушының уәкілетті өкілі. Шын мәнісінде, ол жер қойнауын пайдаланушыны алмастарады, ал жер қойнауын пайдаланушы тек жеке немесе заңды тұлға болып қала береді. Олар ресми түрде жер қойнауын пайдалану иелері, бірақ та сатып алуда қандай да бір бірыңғай оператор жоқ, бұл еш жерде, кодексте де, таратуда да көрсетілмеген. Бұл мәселе жарты жыл бұрын қарастырылған болатын, бірақ та шешілген жоқ. Сатып алу бойынша бізде NADLoC үкімет тарапынан үйлестіруші құрылым болып қала береді. Олар да кім қанша сатып алғанына есеп жүргізіп, есептілікті қарап, сараптайтын болады. Жалпы сатып алуда бәрі бұрынғыша қалады", - деп  түсіндірді жер қойнауы туралы кодексті әзірлеушілердің бірі, Haller Lomax заң фирмасының серіктесі Тимур Одилов abctv.kz-ке берген пікірінде.

"Кеніштерді тарату бойынша, қазіргі жер қойнауын пайдаланушылар, әрине, қазір келісімшарттарда қарастырылған  өздерінің тарату қорымен қалады. Ал жаңадан лицензия алатындарға, келісімшарттан лицензияға келгендерге мүлдем басқа жүйе әрекет ететін болады. Кенішті тарату бойынша операторлар қарастырылмайды. Бұл жай кодекстің аралық нұсқаларының бірінде айтылған нәрсе. Мүмкін  бір кездері бұған да келеміз, өйткені, менің ойымша, қалай болғанда операторларды құру керек. Қазіргі аппарат мемелекеттікі, біліктіліктің қазіргі деңгейі мен  ресурстардың бюджет кодексімен біршама қиындықтары бар, сол нәрсе таратудың барлық процесін үйлестіруге мүмкіндік бермейді. Ал қамтамасыз етуден түсетін ақшаны, егер түсетін болса және біреу таратылмай қалса, бұл ақшаны республикалық бюджет арқылы өткізіп, содан кейін тағы қаржыландыруға өтініш беру керек болады. Бұл өте ұзақ процесс. Ал жер қойнауын пайдаланудың таратылмаған салдары қоршаған ортаны ластайтын болады", - деп түсіндірді заңгер.

Осыны ескере отырып, Тимур Одилов келешекте қандай да болмасын  қандайда бір бірлікті құру қажет болатынын айтты. Мүмкін ол, белгілі бір мемлекеттік функцияны атқаратын РМК (республикалық мемлекеттік кәсіпорын) түрінде құрылып,  жеке жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған қамтамасыз ету есебінен сарқылған кеніштерді жоюдың барлық мәселесімен айналысатын болады. Сонымен қатар құрылатын нарықта бәсекелестік сақталады, себебі арнайы РМК топырақтың құнарлығын қалыпқа келтіру үшін байқаулар, мемлекеттік сатып алулар өткізіп, мердігерлерді жалдайтын болады деп есептейді заңгер.  

Сондай-ақ дүниежүзілік тау-кен конгресінің жер қойнауын пайдалануға қатысты сессиясында инвестиция және даму министрлігі жақында қабылданған жер қойнауын пайдалануды реттейтін заңнамадағы түзетулер мен өзгерістерді әзірлеу үшін жұмыс тобының басын қосатыны белгілі болды. Ұсыныстарды талқылау күзде басталады деп болжанып отыр.

Тимур Одилов түзетулер кодекс пен оның ілеспе нормативтік-құқықтық актілерін жақсарту үшін қажет деп есептейді.

"Қалай болғанда да заңға тәуелді актілерді өзгерту керек, өйткені ол кодекстің өзінен туындайды. Осы уақытқа дейін біз министрліктің жұмыс тобында жұмыс жасадық, ал қазір басқа заңгерлік фирмалар, менің әріптестерімнен осы немесе басқа да ережені нақтылауға қатысты өтініштер келіп түсіп жатыр. Бір жағынан, кейбіреулер тіпті кодексті басынан-аяғына дейін оқып шықпаған. Бірақ қазір нақты құқықтық мониторинг жүргізіліп жатыр, содан қай жерді жақсарту керектігін көріп отырмыз.  Қолда бар заңнаманы, оның ішінде бір мағыналы жазылмаған тұстарды  жақсарту үшін барлығы дайын тұр деуге болады", - деп бөлісті ол.

Жер қойнауы тәуелсіз сарапшыларының кәсіби ұйымы  басшысы Георгий Фрейман кодекстің жер қойнауында пайдалану, рәсімдердің ұзақтығы және есепті дайындау сияқты көптеген аспектілер бойынша алғашқы тәжірибе тұрғысынан келгенде, 2018 жылғы екінші жартыжылдықтың тәжірибесі маңызды болады деп есептейді.

"Мұндай қарбаласта осыншалықты көп заңға тәуелді актілерді өзекті ету қиын, өйткені олардың көбісін қайта жазу керек, бірақ ол уақытты қажет етеді. Құжаттың көбісінің тақырыбы ғана ауыстырылып, мазмұны өзгермеген. Мұның барлығы асығыс жасалып жатқаны түсінікті, бірақ та құжат пысықтауды қажет етеді, ал бұл тап осы заңға тәуелді актілердің бірте-бірте қолданылуы болады. Кейде дұрыс жасамай қойған жоқпыз ба деп, бір қарап қою қажет болады. Бірақ қазіргі жасалып жатқандай емес. 122 құжатты алты айда қарау бұл мүлдем ақылға сыймайтын шаруа. Сондықтан бұл тек ресми бастау үшін қажет",  –деді ол.

Гүлназ Ермағанбетова, Данияр Серіков

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу