banner

Жер нарығында үлестес тұлғалардың саудасы жүріп тұр

2885

Қазақстанда жер нарығы енді қалыптасып келеді, ондағы баға белгілеу шынайы өмірден алыс жатыр.

Жер нарығында үлестес тұлғалардың саудасы жүріп тұр

Қазақстанда жер нарығы енді қалыптасып жатыр. Мұндай пікірді Астанада мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте жер қатынастары жөніндегі сарапшы Бақытжан Базарбек айтты.

"Өкінішке қарай, біздегі жер нарығы осындай… Бұл нарықты қалыптастырып жатырмыз. Жердің бағасын белгілеуге қатысты қандай да бір нақты нормалар әзірлеу керек, өйткені қарапайым адам жерді сатып ала алмайды, ал жер нарығында – батыс елдерінде баға реттелмейді. Алайда ол қалай болғанда да халықтың өмір сүру деңгейіне сай болу керек. Біздегі жер телімдерінің бағасы, біріншіден, нақты жағдайға сәйкес келмейді. Сондықтан жоқ дегенде жер учаскесінің кадастрлық құнын түзетуге тиіспіз", – деді ол abctv.kz сұрағына жауап бергенде.

Бұған қоса, Бақытжан Базарбектің пікірінше, жерді пайдаланудағы, әсіресе, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердегі басты қиындықтардың бірі – қоғамдық жер ресурстарын монополиялау.

"Екіншіден, кез келген жерді иемденіп алуды алып тастауымыз керек, өкінішке қарай, жер нарығында монополияның бар екені рас. Заңды тұлғалармен үлестес кейбір адамдар ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді көптеп алып алған, ол шектік нормадан асып кетіп отыр. Сондықтан бұл мәселе қазір АШМ-ның жер ресурстарын басқару комитетімен қарастырылып, Бас прокуратура үлестес тұлғалар арқылы осы жасанды монополияларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр", – деді заңды сарапшы баспасөз-конференция барысында.

Бақытжан Базарбек қазан айының ортасынан бастап, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен екі ай бойы еліміздің 18 қаласында халықтың жер мәселесіндегі сауатсыздығын азайту үшін семинарлар өткізген. Оның ішінде 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қала бар. Ақпараттық науқан 2,5 мың адамнан 3 мыңға дейінгі адамды қамтыған және жер кодексі мен  оған тәуелді актілерге енгізуге ұсыныстар мен түзетулердің айтарлықтай пакетін жинап әкелген. Олардың кейбірі жер нарығындағы жасанды монополияның жұмысын шектеуге қатысты. Олардың жер құқы саласы бойынша жұмыс жасайтын заңгері АШМ-ның жанындағы жер ресурстарын басқару комитетінің жұмыс тобына және мәжілістегі елдегі жер қорын басқаруды реттейтін заңнаманы жақсарту үшін мүше ретінде қатысуды жоспарлап отыр.

Сарапшының мәліметіне сәйкес, жерді пайдалануға реттеудегі заңнамалық өзгерістер бойынша кезекті кездесу желтоқсан айының соңында болады, ал жер реформасына қатысты негізгі жұмыс қаңтар-ақпанда жалғасады.

Сондай-ақ брифинг барысында Бақытжан Базарбек abctv.kz үшін елдегі ықылассыз пайдаланушылардың қолындағы үлкен ауыл шаруашылық жерлерінің экономикалық пайда әкелмей бос тұру проблемасына түсініктеме берді. Аграрлық жер ресурстарын үнемі қарапайым кәсіпкерлер мен фермерлер ала алмай жатады.

"Ауыл шаруашылық мақсаты үшін бөлінген жерлерге келетін болсақ, өкінішке қарай, олардың көбісі игерілмей отыр. Қазір заңды күшейтіп жатырмыз, 2018 жылдың 6 мамырында жер кодексіне түзетулер енгіздік, соның шеңберінде 92-бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, нақ ауыл шаруашылығына пайдалануға берілген жер учаскелерін игеру, мысалы, жайылым, шабындық, егістік жерлерді игеруді күшейттік. Сонымен қатар қазір ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді игеру критерийлерін қайта қарап жатырмыз. Жер кодексінің 43-бабының комиссия құрамы жайлы бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, барлық комиссияның 50 пайыздан астамын қоғамнан, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП өкілдері мен бизнес-қауымдастықтан құрдық. Адамдар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жер учаскесін алуда, оның ішінде алуға лайықты емес адамдар мемлекет тарапынан ғана қаралмай, сонымен қатар комиссия құрамына қоғам да қатысу керек. Бұл мәселеге қатысты жұмыс жүріп жатыр", – деді ол.

Елдегі жер ресурстарының тек өсімдік шаруашылығы немесе мал шаруашылығына қатыстысы ғана нашар игеріліп жатқан жоқ, сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) берілген жерлерде игерілмей жатыр.

"ЖТҚ-ға берілген учаскелердің, мысалы, Қызылорда сияқты қалада және Қызылорда облысында тек 10 пайызы ғана игеріліп жатыр. Таразда тек 15 пайызы ғана игерілуде. ЖТҚ құрылысы үшін бес мың адамға жер телімі берілген болса, соның тек 600-700-і ғана үй салған, ал қалғандары мүлдем салмаған. Бұл тек Шымкент пен Таразда ғана бар статистика емес, бұл Талдықорғанда да Атырау, Оралда да бар жағдай. Мәселе неде? Мәселенің барлығы құрылыс салу мақсаты үшін берілген жер учаскелерін игеру критерийінің жоқтығында. Мұндай критерийлер жоқ және қазір жер ресурстарын басқару комитеті мен инвестиция және даму министрлігі осы ережелерді әзірлеп жатыр. Яғни осы уақытқа дейін еш критерий болған. Бұл мәселе не сәулет туралы заңда, не жер кодексінде қарастырылмаған", – деп түйіндеді қоғамдық сарапшы.

Елде өткізілген семинарлардың арқасында Атырау, Орал, Ақтөбе, Семей, Павлодар және Тараздың әкімдіктері мен жер қатынастары бөлімдерінен ЖТҚ салуға жер учаскелерін жерді берудің тиімді ережелеріне және осы саладағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарына  сәйкес беру үшін қолданыстағы жер кодексіне қандай өзгерістер енгізу керектігі туралы ұсыныстар жиналған. Шыны керек, жерді реттеу нақты жұмыс істеу үшін салалық мемлекеттік органдардың мамандарының біліктілігін таңдаулы түрде арттыру керек.

"Әкімдіктер мен жер қатынастары бөлімдерінің лауазымдық тұлғаларының кәсіби деңгейін күшейту керек деп ойлаймын, себебі жер қатынастары жүйесіндегі орын алып отырған заң бұзушылықтар осы мамандардың жұмысты білмеуінен туындап отыр. Біріншіден, бұл жер туралы заңнаманың ережелерін дұрыс білмеу. Мысалы, 48-бапты дұрыс түсіндірмейді, яғни ауциондық саудаға қойылған жер учаскелерін дұрыс түсінбейді. Осының нәтижесінде былтыр прокуратура үш мың жер учаскесін  тексергеннен кейін, жер учаскесін жер кодексінің 48-бабына қарамай ұсынған фактілер анықталған. Олар аукцион арқылы сатылу керек болатын, ал әкімдіктер мен жер қатынасы бөлімдері оны жер кодексінің 43,44.1 - бабы бойынша берген. Бұл өте үлкен заң бұзушылық", – деді Бақытжан Базарбек.

Сонымен қатар ол жер қатынастарын реттейтін мамандар сапасының тапшылығы жүйелі сипатқа ие емес деп есептейді. Алайда сарапшының ойныша, жалпы әкімдіктердегі, сондай-ақ, әсіресе, ауылдық округ әкімдіктердің жер кодексіне сәйкес,ауылдық жерлерде жер учаскесін беру туралы шешім қабылдау жауапкершілігіне ие  жер қатынастары, сәулет  және қала құрылысы бөлімдерінің жауапты лауазымдық тұлғаларының біліктілігін арттыру қажет. Осы арада, 2019-2020 жылдары мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 150 аудан орталығы мен 16 қала ауданында жер мәселесі бойынша семинарлар өткізудің жаңа жобасын іске асыратынын айтып кету керек.

Данияр Серіков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу