Жұмыспен қамту жол картасы жұмыс іздеушілердің жартысын жұмыспен қамтуға дайын

10556

Осы жылы "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы және бірқатар өңірлік бағдарламалар жаңа жұмыс орнын іздеп жүрген қазақстандықтардың 50 %-на қолдау көрсетеді. 

Жұмыспен қамту жол картасы жұмыс іздеушілердің жартысын жұмыспен қамтуға дайын

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі  Нұрымбетов Біржанның мәліметі бойынша, бүгінгі күні жұмыс іздеу бойынша мемлекеттік қолдауды қажет етушілер  республиканың экономикалық белсенді халқын қалыптастыратын 8 миллион 907 мың адамның оннан бірін құрайды.

"Бізде жұмыссыздық деңгейі осы есептің  5%-ын құрайды. Ресми статистика бойынша, бұл- 444 мың жұмыссыз және   419 өнімсіз өздігінен қамтылғандар, яғни қарапайым тілмен айтқанда, табыстары күнкөріс деңгейінен төмен немесе қызметтері тіркелмеген өздігінен жұмыспен қамтылғандар", - дейді вице-министр.

Осылайша, өмір сүру үшін қажетті айлық алуға адамға жұмыс беретін немесе жұмыс орнын беруге жұмыс істейтін "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасын қажет ететін адамдардың жиынтық құрамы 860 мың адамды құрайды.

"Біз бұл істі кешенді түрде қарастырудамыз, "Жұмыспен қамту жол картасынан"  басқа барлық өңірлерде жылдың басынан бастап жұмыспен қамтуда көмек көрсетуге кешенді жоспарлар бекітілген, осылардың арқасында біз өңірде іске асып жатқан барлық бағдарламалардың әлеуетін пайдалануымыз керек. Және де біз жұмыссыздарды шамамыз келгенше жұмыспен қамтуға тырысамыз ", - деді ДӘДМ өкілі.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік мекемедегі қазіргі барлық шаралар мен құралдарды есепке ала отырып, оның басшылығы  жұмысқа орналастыруда 417 мың адамға көмек көрсетуді жоспарлап отыр, яғни 860 мың қазақстандықтың жартысы деген сөз. "Осы жылдың 1 шілдесіне дейін осындай шаралармен 225 мың адам қамтылды, бұл біз жоспарлағанның 54 %-ы", -деп атап көрсетті вице-министр. 

Еске сала кетсек, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасының бюджеті үкіметпен қосымша қаражатты бөлумен 2016 жылға 100 миллиард теңгені құрады. Бағдарламаға қатысушылар 1шілдеде 78 мың 400 адам болды, бұл жерде басымдық жастар мен әйелдерге берілуде,яғни олар бағдарламаға қатысушылардың 46 %-ын құрайды.

Инфрақұрылымнан қоныс аударғанға дейін

"Осыдан басқа, осы жылы аз қамтылған отбасы есебінен  3 мың 340 адам және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар есебінен  2 мың 594 адам біздің бағдарламаның қатысушылары болды", - деп қосты  Біржан Нұрымбетов. Еске сала кетсек, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бірнеше бағыттардан тұрады, соның бірі- инфрақұрылым. Соның арқасында ауылдық жерлерде әлеуметтік нысандарды, жол жөндеу жұмыстары және ауылдық территорияны көркейту жүргізілуде. Осының есебінен уақытша жұмыс орындары құрылады, оған осы жылы 42 миллиард теңге бөлінді.

"Біз осы жылы осындай 1мың 177 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, бүгінгі күні байқау шараларынан кейін 643 жоба басталып та кетті, соның арқасында жаңа 9 мың 500 жұмыс орны құрылды, оның төрт мың жеті жүзін біз жұмыспен қамту орталықтары арқылы толтырдық", - деп нақтылады министрлік өкілі.  Екінші бағыт, ауылдық жерлерде кәсіпкерлік бастаманы жеңілдетілген талаптар негізінде микронесиелеу. Биылғы жылы бұл бағыттың бюджеті үш есе көбейіп, 30 миллиард теңгеге жетті. Осының есебінен мекеме бағдарламаға қатысушылардың тоғыз мыңына микронесие беруді жоспарлауда. Ал олар өз кезегінде жерлестері, ауылдың адамдары үшін 12 мың жаңа жұмыс орнын құруы керек.

"1шілдедегі есеп бойынша бізде 2 мың 871 адам микронесие алды және олар тағы да қосымша жаңа  2 мың 708 жұмыс орнын құрды. Кез келген адам бизнеспен айналысып кете алмайтыны анық, сондықтан бізде тегін оқыту құралы бар. Бір ай бойы тегін оқыту жүргіздік, негізінен, кәсіпкерлікке оқыттық. Бірінші жарты жылдықта  615 адам осы тегін оқудан өтті ", - деп жалғастырды Біржан Нұрымбетов.    

Осымен қоса, министрлік адамдарды жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқыту  құралын да іске қосты. "Бұл жерде оқыған адамды жұмысқа алатыны маңызды, ол біз жасайтын әлеуметтік шарттың бір жағы болып табылады. Бүгінгі күні  1910 жұмыс беруші өздерінің талабы бойынша біздің оқытып жатқан адамдарымызды жұмысқа алуға өтінім беріп, дайын отыр. Қазір бізде олардың сұранысы бойынша 4 мың 191 адам қайта дайындаудан және біліктілігін көтеруден өтіп жатыр",- деп атап көрсетті вице-министр.

Осымен қатар, елімізде қазір әлеуметтік жұмыс орны және жастар практикасы сияқты жұмыспен қамту құралдары  жұмыс істейді, осыған орай жылдың басында жұмыспен қамту органдары өңірдің кәсіпорындарымен  штаттан тыс, уақытша жұмыс орындарын құруға келіседі. 

"Және біз ол жерлерге басқаларға қарағанда жұмыс табуы қиын халықтың арнайы белгілі тобын жібереміз және олардың айлық жалақыларын субсидиялаймыз – олардың жалақысының  35%-ын мемлекет төлейді. Бүгінгі күні біз осылайша 11 мың 600 адамды бірінші жарты жылдықта жұмысқа тұрғыздық,- дейді ДӘДМ басшылығының өкілі. - Сонымен қатар, 8 мың 600 адам жастар практикасына жіберілді. Бұл бағдарлама жұмысқа тұрмаған оқу орындарының түлектеріне арналған. Оларға жұмысқа тұру үшін еңбек өтілі қажет. Осы мәселені шешу үшін біз кәсіпорындармен келісіп жас маманды оның алған мамандығы бойынша алты айға кәсіпорынға жұмыс істеуге жібереміз. Ол керек дағдыларды меңгереді және оның еңбек өтілі еңбек кітапшасына жазылады да, ол бюджет есебінен шамалы айлық алады ".

Тағы бір компонент бір өңірден басқа өңірге ауысуға дайын адамдар үшін еңбек жинақылығын дамыту. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша бағдарламаның осы бөлігі бойынша бірінші жарты жылдықта 672 адам немесе 320 отбасы өздерінің тұратын жерін басқа өңірге жұмысқа тұру мақсатында ауыстырды.

"Бұл отбасылардағы еңбекке қабілетті 424 отбасы мүшесінің 75%-ы немесе 320 адам жұмыспен қамтылды, яғни әр отбасының бір мүшесі жаңа жерде міндетті түрде жұмыспен қамтылды , - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов. -  Жаңа тұратын жерлері бойынша олар арендалық тұрғын үй немесе жатақханадан бөлме алады, сонымен қатар көшуге байланысты шығындарды қайтару өтемақысын алады ".

Оның айтуынша, ДӘДМ  бюджеттік қаражат есебінен қарастырылатын осыдан басқа шаралармен қатар еңбек делдалдығы туралы да ұмытпайды, яғни жұмыс берушілердің ашық жұмыс орнына жұмыспен қамту орталықтары арқылы барған тұлғаларды орналастыру.

"Біз осы жылы жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс іздеп келген 44 мың адамды жұмысқа орналастыра алдық, 1700 адамды оқу оқып біткеннен кейін жұмысқа орналастырдық және 5600 адамды уақытша жастар практикасын өткеннен соң және әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеп біткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына орналастырдық ",- деді вице-министр. 

Жұмыскерлерге бір жарым миллиард теңгені қайтарыңдар!

Сонымен қатар, ақшаны табу ғана қиын емес, сонымен бірге оларды алу да қиын- денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша бүгінгі күні елімізде жалақы бойынша жалпы берешек 1 миллиард 472 миллион теңгені құрайды. Бұл барлық берешек үш түрге бөлінеді, мұның ішіндегі ең үлкен берешек, 978 миллион, бұл -банкрот-кәсіпорындардың берешегі. Елімізде штатпен есеп айырыспаған 80 осындай кәсіпорын бар, олар үш мың жұмыскердің алдында берешек. Олардың қарызын төлеу шаралары "Банкроттық туралы" заңға сәйкес осы кәсіпорындардың өтімділік мүлкін іске асыру арқылы жүргізіледі.

Берешектің екінші және үшінші түрі- ағымдағы берешек және мерзімі кешіктірілген берешек. Ағымдағы берешек (3 айға дейінгі берешек) қазіргі таңда Қазақстанда 29 кәсіпорын бойынша 410 миллион теңгені құрайды, мерзімі кешіктірілген берешек (3 айдан артық) 9 кәсіпорын бойынша 85 миллион теңгені құрайды. Өңірлер бойынша ең үлкен ағымдағы берешек қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында (92 миллион теңге) және Қарағанды облысында (70 миллион теңге) тіркелген. Мерзімі кешіктірілген берешек бойынша Маңғыстау облысы (23 миллион теңге) және Қарағанды облысы (16,7 миллион теңге) "көшбасшы"  болып тұр. Банкрот-кәсіпорындар бойынша ең үлкен берешек Шығыс Қазақстан облысында (260 миллион теңгеге жуық), Ақмола  (198 миллион) және Батыс Қазақстан облыстарында (154 миллион).

Еліміздегі орташа айлық жалақы мөлшеріне келетін болсақ, ол бүгінгі күні 133 мың теңгені құрайды. Ең жоғарғы айлық жалақы- кәсіптік-ғылыми техникалық қызметі (298 мың теңге), қаржылық және сақтандыру қызметі (249 мың теңге) және өнеркәсіп (182 мың теңге) саласында. Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы батыста, яғни мұнай өндіруші өңірлер- Маңғыстау және Атырау облыстарында, сонымен қатар Алматы қаласында.

Игорь Воротной, Астана 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу