"Жылдамдықты ессіз жақсы көремін": Татьяна Демьянова Алматыда мотоциклмен жүйткуде

543

Әлеуметтік желіні жарған Дарел қоян өзінің "темір тұлпарымен" қала көшелерін тағы да жаулап алуда. Бірақ бұл жолы оған Қазақстанның ең жалынды волейболшысы Татьяна Демьянова ілеседі. 

"Жылдамдықты ессіз жақсы көремін": Татьяна Демьянова Алматыда мотоциклмен жүйткуде Фото: Parimatch Kazakhstan

Эксклюзивті сұхбатта спортшының өзі қандай мотоциклды армандайтынын және онымен кімді қыдыртқысы келетіні туралы оқыңыз.

– Сіз экстремалды спортты жақсы көретініңізді бірнеше рет айтқан болатынсыз. Сізді оған не тартады?

–  Экстремалды спорт түрлері маған өзіме және өз күшіме деген сенім береді, бұл өз кезегінде өмірімнің барлық салаларына оң әсер етеді. Мен әсіресе дайвингті, рафтингті, парашютпен секіруді және жылдамдықпен жарысуды жақсы көремін.

–​ Сіз жылдам жүруді ұнатасыз ба және мотоциклде қандай сезімдерді бастан кешесіз?

– Мен жылдамдықты ессіз жақсы көремін, өйткені маған адреналин ұнайды сол себепті де үнемі жаңа эмоцияларды сезінуге ұмтыламын. Ал байкты қанша мінсең де бірінші рет мінгендей әсерде боласың. Мен мотоциклге отырғандағы сезінетін және елестететін жалғыз нәрсе, ол – еркіндік.

– Өзіңізге жеке мотоцикл алғыңыз келе ме? Мүмкін модель қарастырған да боларсыз?

– Мен мотоцикл сатып алу туралы бірнеше рет ойлағанмын және әлі де ойланудамын. Егер сатып алу туралы шешімге тоқталсам,  Yamaha YZF-R6 аламын және ол ашық түсте болады.

–​ Өз мотоциклыңызбен кімді қыдыртар едіңіз?

– Орындаушы MACAN-ды қыдыртар едім. Тректеріне қарағанда, ол да мен секілді бұзақы сияқты.

– Мотоциклдегі қыздың өзі-ақ керемет көрінеді. Сіз бұл көріністі немен толықтырар едіңіз?

– Менің ойымша, байктағы қыз былғары шолақ шалбармен, биік етікпен және бетіндегі әдемі маскамен күшті көрінер еді. Кез келген байкердің арманы екені даусыз!

–​ Сіздің Дарел қоянмен танысуыңыз қалай өтті? Сапардан қандай эмоцияларды бастан өткердіңіз?

– Қоян – теңдессіз екен! Біз алғашқы секундтардан бастап ортақ тіл таптық, содан кейін бәрі бір деммен өтті. Онымен жүру қызықты және әсерлі болды, ал басқа жүргізушілердің таңданған көзқарастары, күлімдеулері мен қошеметтері бізге әрі шабыт берді!

Татьяна мен Дарелдің адреналинге толы шытырман оқиғасы Parimatch Kazakhstan ресми Youtube-арнасында. Қараңыз, жарқын эмоциялардан қуат алыңыз және Parimatch-тың керемет мерч ойнататын ұтыс ойынына қатысыңыз!

Қатысу оңай:

  • Parimatch Kazakhstan Youtube-арнасына жазылыңыз;
  • Татьяна мен Дарелдің видеосының астына лайк қойыңыз;
  • Комментке қандай экстремалды спорт түрін көргіңіз келетінін жазыңыз.

Жеңімпаз 10 тамызда кездейсоқ таңдалады. Видеоны басыңыз және жеңіске жетіңіз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу