"Апта сайын бір миллионер"

2595

Осындай ұранмен еліміздің тарихындағы ең жомарт TeleBingo көгілдір экранға шығады.

"Апта сайын бір миллионер"

"Сәтті Жұлдыз" АҚ ұлттық лотерея операторы жаңа TeleBingo лотереясының алғашқы көрсетілімі болатын күнді хабарлады. Алғашқы тираж 22 желтоқсан күні сағат 20.00-де "Жетінші арна" эфирінде ойнатылады. Жаңа отбасылық ойынның қандай болатыны және оның еліміздегі миллионерлер санының артуына қалай әсер ететіні жайлы телешоудың тұсаукесері кезінде "Сәтті Жұлдыз" компаниясының президенті Александр Тен айтып берді.

"Адамзат баласы бұл ойынды бес ғасыр бойына ойнап келеді. Бүгінгі күні Bingo – әлемдегі ең танымал ойын. "Сәтті Жұлдыздың" жаңа өнімі – бұл бинготрон мен 1-ден 90-ға дейінгі шарлардың ұтысын пайдаланатын классикалық британдық нұсқа. Жеті турдан тұратын ойын эфирде 40 минут уақыт ішінде ойнатылады. Апта сайынғы ұтыс – бір миллион теңгеден кем емес", – деді компания президенті.

Телешоуды Тахир Сұлтан мен Әния Байораз жүргізеді. Студиядағы немесе теледидар алдындағы ойыншылар билеттеріндегі сәйкес келген нөмірді белгілейді.

Александр Теннің айтуынша, продюсерлер қалай дегенмен де ойын форматын өзгертіп, әлемдегі бар жобалардың франшизасын сатып алмайтын болып шешкен. Миллионер апта сайын анықталатын болады, сондай-ақ бас жүлде де қарастырылған. Егер бастапқы алты тиражда бақытты билет анықталмаса, онда жетінші тиражда жинақталған сома ойнатылады.

"Кез келген лотеря сияқты TeleBingo-да Superbingo ұтысы қарастырылған, ол жинақталған сома және бір ұтыстан келесі ұтысқа көшіп отырады. Бұл ретте Superbingo егер басында анықталмаса, әрбір жетінші тиражда ойнатылады. Ойнатылады деп отырған супербинго – 50 млн теңге", – деп түсіндірді ол.

Telebingo-ны құрушылардың алдына қойған тағы бір үлкен мақсаты – еліміздегі ең жолы болғыш адамды іздеу. 300 қазақстандық бағдарламаға қатысуға шақырту алуы мүмкін. Ол үшін 3 лотерея билетін сатып алып, 5290 нөміріне хабарлама жіберу керек.

Телеойынның продюсерлік командасы сөз жоқ жаңа форматты құрғанын атап кету керек. Бұған дейін Қазақстанда мұндай ойынды ешкім жасаған емес. Telebingo – тек классикалық лото ойыны ғана емес, сонымен қатар ең жолы болғыш адамды анықтауға арналған байқау.

"Бұл тек тираж, ұтыс қана емес, шоу болатынына сенімдіміз. Біз үшін бұл шоудың барлық қазақстандық үшін қызықты болғаны, отбасылық форматты өтуі маңызды. Яғни әр сенбілік кеште еліміздің барлық тұрғындары жиналып, көріп, лотереяға қатысқаны маңызды", – деді Александр Тен.

"TeleBingo"-ға қатысу үшін лотерея билеттерін сатып алу керек. Билеттерді терминалдар арқылы және компанияның сайтында сатып алуға болады.

Жарнама ретінде

Карина Нұртаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу