banner

"Астана Арландары" мен Куба қабыландары құрамдарын жариялады

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2948

Бокстан WSB жобасының финалында шайқасатын Қазақ елі және Куба клубтары шаршы алаңға шығатын боксшыларын жариялады.

"Астана Арландары" мен Куба қабыландары құрамдарын жариялады

"Астана Арландары" WSB (Бүкіләлемдік бокс сериясы) финалында былтырғыдай Куба қабыландарымен кездеседі. Бұл кездесу Қытайда өтетін болды. Бірінші күнгі жекпе-жектер (C1) 26 қыркүйекте Сямынь қаласында, ал екінші екінші күнгі айқастар 28 қыркүйекте Цзиньцзян шаһарында өтетін болыпты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл WSB жобасының жартылай финалдық кездесулері мамыр айында өткен. "Астана Арландары" Ұлыбританияның "British Lionhearts" клубынан 7:3 (3:2 және 4:1) есебімен басым түссе, "Cuba Domadores" боксшылары Францияның "France Fighting Roosters" клубын 8:2 (3:2, 5:0) есебімен жеңген болатын.

Сөйтіп, финалда "Астана Арландары" мен "Куба Домадорес" кездесетін болған. Екі клуб арасындағы финалдық матч Қытайда өтеді. Қазақ елі клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы финалда жұдырықтасатын боксшылары құрамын жриялады.

Бірінші күнгі жекпе-жектер (26 қыркүйекте):
49 келі: Теміртас Жүсіпов – Дамиан Арсе Дуарте
56 келі: Ілияс Сүлейменов – Освель Давид Кабальеро Гарсия
64 келі: Ділмұрат Мижитов – Энди Крус
75 келі: Әбілхан Аманқұл – Ослейс Иглесиас Эстрада
91 келі: Нұрбол Алтаев – Эрисланди Савон
 

Екінші күнгі жекпе-жектер (28 қыркүйекте):
52 келі: Сәкен Бибосынов – Хорхе Гриньян
60 келі: Закир Сафиуллин – Ласаро Альварес
69 келі: Асланбек Шымбергенов – Роньель Иглесиас
81 келі: Бек Нұрмағамбет – Хулио Ла Крус
91+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Хосе Лардуэт
 

Шешуші жекпе-жек (64 келі): Бекдәулет Ибрагимов – Хорхе Мойран Винент.

Егер екі күнгі жекпе-жектер 5:5 есебімен аяқталса, онда шешуші кездесу өткізіледі. WSB басшыларының ұйғарымымен биыл қосымша жекпе-жек 64 келі салмақ дәрежесі бойынша өткізілетін болып бектілген. "Астана Арландары" бұл ретте Бекдәулет Ибрагимовке сенім артып отыр.

Нұрлан Ақүрпеков бастаған Қазақ елі боксшылары кеше Қытайға аттанды. Финалға жан-жақты дайындалып, ел сенімін ақтауға бекініп кетті. Рингке шығатын боксшылардың барлығы дерлік – сынақтан өткен жанкешті жігіттер. Ал Куба командасы сапында төрткіл дүниеге танымал, әйгілі жұлдыздары жетерлік. Олардың арасларында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар. Әйтсе де, қарапайым бокс жанкүйерлеріне беймәлім төрт жігітін қосыпты (49, 52, 56 және 75 келі салмақ дәрежелерінде). Енді бәрін де ринг көресетеді...

Естеріңізге сала кетейік, "Астана Арландары" – WSB жобасының үш дүркін чемпионы (2013, 2015 және 2017 жылдар)! Куба қабыландарымен финалда үшінші рет кездескелі отыр. Екі рет басым түсіп, бас бәйгені жеңіп алғанбыз. Үшінші рет бейтарап рингте (мемлекетте) кездесетін болып отыр. Қазақтың күрзі жұдырықты қырандарына тек жеңіс тілейміз. "Баптары мен бақтары қатар шапса екен" деген ниеттеміз.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу